1411 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1411 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің 2014 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстарының қорытындысында айтылған.

Бақылау-қадағалау өкілеттігін жүзеге асыру барысында құқықтық статистика органдары 2779 тексеріс, 29 мыңнан аса салыстыру деректерін, 13 мың мониторинг жүргізді. Олар бойынша 82 мыңнан астам бұзушылық анықталды. Осының негізінде 1411 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, сондай-ақ әкімшілік жауапкершілікке - 83 және қылмыстық жауапкершілікке 2 адам тартылды.

«Комитет төрайымы Сәуле Айтпаева 2015 жылдың 1 қаңтарынан сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінің енгізілуі жаңа қылмыстық-процессуалды кодексіне сәйкес келуіне байланысты қосымша ұйымдастыру шараларын қабылдауды тапсырды»,-делінген

ҚР БП Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет баспасөз қызметінің мәліметінде.

Одан басқа Қазақстан Республикасының жаңа ҚК және ҚІЖК қабылдауға, қылмыстық іс жүргізу заңнамасының 179-бабына байланысты Комитеттің аумақтық басқармаларына тұрғындар арасында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы тапсырмалар берілді.

Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап мемлекеттік органдар "Ақпараттық сервис" порталы арқылы борышкерлердің орталықтандырылған деректер банкі жүйесіне қол жеткізді.

Осыған байланысты, Комитеттің порталы арқылы жеке және заңды тұлғалардың берешектің бар-жоғын тексеру мүмкіндігі туралы ақпараттық жұмыс жүргізу жөнінде тапсырма берілді.

Соңғы жаңалықтар