+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

1400 жолаушысы бар 7 пойыз тұрып қалған: Шымкентте қозғалыс қалпына келтірілді

2020 жылғы 24 қазан 13:50
Бөлісіңіз:
1400 жолаушысы бар 7 пойыз тұрып қалған: Шымкентте қозғалыс қалпына келтірілді

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында вагондардың аударылуынан 7 жолаушы пойызы 9 сағатқа дейін жолда тұрып қалған. Оларда 1400-ге жуық адам болған. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

Қазанның 23-інен 24-іне қараған түні Шымкентте 14 вагон жолдан шығып, аударылып кеткен болатын.

Салдарынан 7 жолаушылар пойызының қозғалысы кешіктірілді, атап айтқанда:

1. Шымкент станциясында №34 «Ақтөбе – Алматы» жолаушылар пойызы 9 сағатқа, №76 «Қызылорда-Петропавл» пойызы 7 сағатқа кешікті.

2. Қорғасын станциясында № 56 «Қызылорда-Көкшетау» жолаушылар пойызы 5 сағатқа кешікті.

3. Қызылсай станциясында №23 «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызы 8 сағатқа кешікті.

4. Манкент-2 станциясында №11 «Алматы – Шымкент» жолаушылар пойызы 5 сағатқа, №85 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш» пойызы 1,5 сағатқа кешікті.

5. Састөбе станциясында № 33 «Алматы-Ақтөбе» жолаушылар пойызы 1 сағатқа кешікті.

«Қозғалысы кешіктірілген пойыздарда 1 393 жолаушы болған. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар Шымкент қаласына жолаушыларды тасымалдау үшін 5 шағын автобус пен 2 автобус ұйымдастырды», - деді Т.Уәли.

Мәлім етілгендей, бүгін сағат 12.49-да аталмыш пойыздар қозғалысын қайта жалғастырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT