14 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 14 желтоқсанда өтетін маңызды шаралар легін ұсынады.

АСТАНА

Сағат 09.00-де Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы, 5) халықаралық дәрежеде «Capolavoro di dombra 2018», «Ubuntu» сынды фестиваль-байқауы өтеді.

Сағат 09.30-да «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Корея мен Қазақстан: жасыл ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту» атты халықаралық конференция өтеді.

Сағат 10.00 «Comfort Hotel Astana» қонақ үйінде «Ұлттық волонтерлік желісі» ЗТБ іске асыратын «Жеңіс» әлеуметтік қайырымдылық жобасының үздік волонтерлері «Самұрық-Қазына Тәртібінің» әлеуметтік жобаларын дамыту қорымен кездеседі.

Сағат 10.00-де Park Inn қонақүйінде «Латын әліпбиін енгізудің ғылыми-ұйымдастырушылық міндеттері» семинар-кеңесі басталады.

Сағат 10.00-де Сенатта Экономикалық саясат, Инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Сағат 10.30-да №2 қалалық балалар ауруханасында нейрохирургия бойынша «Балалардағы гидроцефалияның эндоскопиялық емдеуі» атты бірегей ота жүргізіледі.

Сағат 11.00-де Ақордада Мемлекет басшысының мемлекеттік наградаларын тапсыру рәсімі өтеді.

Сағат 11.00-де «Эйр Астананың» авиатехникалық орталығында Embraer 190 E2 ұшағының тұсаукесері өтеді.

Сағат 11.00-де ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметінде Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық  комиссияның 469-шы отырысы өтеді.

Сағат 12.00-де «The Ritz-Carlton» қонақ үйінде инвестициялық белсенділігі үшін және Қазақстан Республикасы экономикасының түрлі салаларындағы жобаларды іске асыруға үлес қосқан инвесторларды марапаттау рәсімі басталады.

Сағат 14.00-де «Қазақстан» орталық концерт залында Тәуелсіздік күні қарсаңында еліміздің мәдениет және спорт саласының танымал қайраткерлеріне мемлекеттік наградалар, мақтау грамоталарын табыстау рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де  мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету бойынша мемлекеттік және жеке меншік әріптестік келісім-шартқа қол қою рәсімі өткізіледі.

Сағат 15.00-де Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Отырар» кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткізілетін мерекелік шараға шақырамыз. Іс-шара аясында «Студенттердің 100 үздік идеясы» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты басталады.

АЛМАТЫ

Сағат 09.00-де RahatPalaceHotel қонақ үйінде «Біздің сүйікті қаламызды жаңартамыз» форумы басталады. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бастамасымен ұйымдастырылады.

Сағат 10.00-де Алматы қаласындағы Оқушылар сарайында «Қазақстандағы балалар үйлерінің түлектері қауымдастығы» ЗТБ бірінші республикалық оқу-жаттығуының басталуына арналған баспасөз конференциясын өткізеді. Қауымдастық 2018 жылдың қарсаңында Мемлекет басшысының Жастар жылы деп жариялауына байланысты жұмысын бастап кеткелі отыр.

Сағат 10.00-де «Нұр Отан» партиясы Бостандық ауданы филиалының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Кедергісіз келешек» атты партиялық жобасы аясында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және аудан әкімдігінің әлеуметтік сала қызметкерлері, сондай-ақ, Мүгедектер қоғамының қатысуымен шара өткізіледі. Жиналу орыны: «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы.

Сағат 11.00-де Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасының «Жастарға жол» қорымен ұйымдастырылған бастамашыл жастарды қолдау бойынша жыл сайынғы «Ел бірлігі-2018» салтанатты шарасы өтеді.

Сағат 11.00-де Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Келесі жылы пилоттық режімде әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік көмек көрсетудің кешенді моделі енгізіледі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.

Сағат 11.00-де «Кинопарк 8 Москве» кинотеатрында «Қазақфильм» студиясының түсірген «Балуан Шолақ» жаңа көркем фильмінің жабық көрсетілімі болады.

Сағат 13.00-де Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұражайында Орталық Азиядағы ең ірі «Рождестволық көрме-2018» көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылуы өтеді. Онда Қазақстанның бейнелеу өнерінің көркемөнер қауымдастығының премиум класс зергерлік бұйымдары көрсетіледі.

КӨКШЕТАУ

Сағат 11.30-да Боровской шағын ауданында көппәтерлі тұрғын үйден жаңа пәтерлердің кілтін тапсыру рәсімі өтеді.

Сағат 15.00-де «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара өтеді. Шара шеңберінде «Тәуелсіз Қазақстан - Ұлы дала елі» атты көрме ұйымдастырылады.

ҚЫЗЫЛОРДА

Сағат 10.00-де Жалағаш ауданындакүріш ақтау және жем өндіру цехы, қызмет көрсету орталықтары секілді кәсіпкерлік нысандары ашылады

Сағат 17.00-де Нартай Бекежанов атындағы драма театрында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған мерекелік салтантты шара өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар