14 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 14 желтоқсанда болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

11.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Қыста өрт қауіпсіздігі» тақырыбында брифинг өтеді. Спикерлер: Құлбаев Дархан Шегенұлы - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары; Бейсенқанов Бауыржан Бейсенқанұлы - Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы.

11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы Корея Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігімен бірге Абай Құнанбайұлының корей тілінде жарық көрген «Алтын шаңырақта шырқалған ән» атты өлеңдер жинағының онлайн таныстырылымын өткізеді. Қазақтың ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған онлайн-іс-шара Қазақстан мен Корея Республикасынан қатысушыларды жинады.

11.00-де «Дипломат» қонақ үйінде «QazAvtoJol» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ұлан Әліповтің БАҚ өкілдерімен «Әліповпен кофе» бейресми кездесуі өтеді.

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну және тіркеу нәтижелері туралы» тақырыбында брифинг өтеді. СПИКЕРЛЕР: Бектемисова Бақыт Ғазизқызы - Нұр-Сұлтан қаласының қалалық сайлау комиссиясының төрайымы; Редкокашин Владимир Николаевич - қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары. Онлайн конференция Нұр-Сұлтан әкімдігінің https://www.facebook.com/nursultanakimat Facebook-тегі ресми парағынан көрсетіледі.

15.45-те «Астана Операда» «Дала дауысы» балетінің премьерасына орай баспасөз конференциясы өтеді.

16.00-де Тұңғыш Президент Музейінің жаңа ғимаратында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры «Тәуелсіздік жолын жалғастырушы ұрпақ» атты жастардың онлайн-форумын өткізуде.

16.00-де Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен Агенттіктің басқа да өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында цифрлық коворкинг орталығы ашылады.


АЛМАТЫ

11.30-да Алматы қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттарды ұсынуды аяқтау және тіркеу туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - Алматы қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна Асанова.

14.00-де Алматы қаласында міндетті медициналық сақтандыруды енгізудің бірінші жылының алдын-ала нәтижелері туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер - Алматы қаласының әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры КЕАҚ филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев.

16:00-де пандемия кезінде Алматы қаласының өзгеруін бақылаудың қоғамдық картасын іске қосу туралы онлайн брифинг өтті. Спикерлер - Алматы қалалық цифрландыру басқармасының бастығы Баян Қоңырбаев және «International Finance Corporation» Орталық Азия бойынша аймақтық кеңсесінің басшысы Кассандра Колберт.

Соңғы жаңалықтар