14 желтоқсан күні ауа райы қандай болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан аймақтарында 2020 жылғы 14 желтоқсанда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтемемен.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне әлі де антициклон ықпалын тигізеді, ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің солтүстігінде және шығысында Солтүстік циклонның әсерінен, ал оңтүстігінде таулы аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман сақталады, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі.

Ақмола, Жамбыл, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағаңды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола, Жамбыл, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Соңғы жаңалықтар