+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

14 жастағы қари Түркияда өткен халықаралық Құран сайысынан жеңіспен оралды

2019 жылғы 12 қыркүйек 07:31
Бөлісіңіз:
14 жастағы қари Түркияда өткен халықаралық Құран сайысынан жеңіспен оралды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық 14 жастағы қари Дулат Қалығұлов Тұркия мемлекетінде өткен халықаралық Құран сайысында дара шығып, «Алтын белгі» аталатын бас жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдық 911 азамат діни ағымдардың ықпалында жүр Алматыда медицина колледжінің студенттері діни сауаттылық жөнінде дәріс тыңдады Жиһадты қарумен емес, бизнеспен жасау белең алып барады

11 жасында Құранды жаттаған Дулат қари 14 жасында елге танылып отыр.

Алланың кәләмі болған Құран Кәрімді жаттап шығу екінің біріне бұйыра бермейді. Мектепке бармастан, алты жасында арабша әріп таныған Дулат, үйдегі бес баланың ортаншысы. Әкесі, Дулатты тоғыз жасында Бангладеш мемлекетінің астанасы Доха қаласындағы қарилық медресеге берген.

Құран оқу жарысында Мысыр, Сирия, Бахрейн, Сауд Арабиясы, Иемен, Индонезия, Малайзия сынды алпауыт мемлекеттерден келген 600-ден астам үміткер қатысқан. Әлеуметтік деңгейге ие «алтын белгіні» қанжығаға байлаудың шарттары да оңай болмаған. Ал, Дулаттың анасы Сәуле Шалбұлова құран жаттағандағы ниетіміз мұндай жарыстарға қатысу үшін емес, бәрі де бір Алланың разылығы үшін дейді.Сайыс шарты бойынша қатысушы мамандардың алдында 12 сұраққа жауап беріп, Алланың Кәләмін кез келген жерінен мүдірмей оқып, аяттың тарихына дейін білу керек-ті. Сыннан сүрінбей өтіп, нақты толық 100 ұпайды жинаған қатысушылар ғана осы атаққа ілінбек. Міне, дәл осы «алтын белгіні» 630 қатысушының арасынан 10 бала иеленсе, соның бірі - Дулат.

Аталған құрмет грамотасын Түркия елінің министрі табыстап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар жеңімпаздардың ішінен Дулат Қалығұлов Түркиядағы «Hilaliye erkek Kur'an Kursu» ашылу салтанатына арнайы шақырылды.

Осы мәртебесіне орай облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде жас қариге арнайы құрмет көрсетілді. Көпшілік жас қариға шын жүректен құрметін жеткізіп, елімізде білімді қарилардың көп болуын тілеп, бата берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Дін, Білім, Жамбыл облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ғибрат Сембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT