14 жастағы ақмолалық бозбала еркін күрестен Қазақстан чемпионы атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қарағандыда еркін күрестен 2004-2006 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды. Онда еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам спортшы 13 салмақ санатында күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақмола облыстық денешынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Басқарманың баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның айтуынша, Ақмола облысы командасының құрамында Көкшетау, Степногор қалаларының, Бұланды, Бурабай, Астрахан, Есіл аудандарының спортшылары сынға түскен.

62 кг салмақта №1 Олимпиада резервтері арнаулы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің 14 жастағы тәрбиеленушісі Ерхан Бексұлтанов алдына жан салмады. Осы салмақтың күміс жүлдесін қыздар арасында степногорлық Ақерке Әмірешова жеңіп алды. №1 спорт мектебінің тағы бір тәрбиеленушісі Аида Бектұрова (66 кг) мен «Батыр» БЖК тәрбиеленушісі Рейхан Махяддинова (36 кг) қола медальмен шектелді.

Жас спортшыларды Олжас Әшімов, Нұрсұлтан Тілеуқабылов, Әділ Тәшімов, Айдар Шайдулин және Арыстан Бұлатовтар жаттықтырып жүр. Бапкерлерінің айтуынша, Ерхан Бексұлтанов маусым айында Будапеште өтетін Дүниежүзілік мектеп ойындарына жолдама жеңіп алған.

Соңғы жаңалықтар