14 тамыз. Тұлғалар туған күн
2022 жылғы 14 тамыз 08:05

14 тамыз. Тұлғалар туған күн

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 14 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің VІI шақырылым депутаты, Әдеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Жанат Әнуарбекқызы ОМАРБЕКОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Семей қаласының Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын және Қазақстан-Ресей университетін бітірді. Физика-математика ғылымдарының кандидаты. 1983-1984 жылдары Семей қаласы №36 орта мектебінің мұғалімі. 1984-1986 жылдары Екібастұз қаласы кентау техникумының физика мұғалімі. 1986-1990 жылдары Екібастұз қаласы СПТУ-14 физика мұғалімі. 1990-1994 жылдары «Азат» ШК-ның ғылыми қызметкері. 1994-1999 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкері. 1999-2008 жылдары Екібастұз қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филиалының директоры. 2008-2009 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС коммерциялық директоры. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы. 2010-2016 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС бас директоры. 2010 жылдан бастап «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті. 2016-2021 жылдары VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.

«Нұр Отан» партиялық тізімі бойынша сайланған. Паралимпиядалық спорттың дамуына үлес қосқаны үшін «Қайсар Тұлға» сыйлығының лауреаты.

60 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Заманбекұлы ТҰРҒЫМБАЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2004). 1984 жылдан - Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі. 1986 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы. 1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы, ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы. 1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІІ. бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы. 2002 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдан - СҚО ІІБ бастығы, 2006 жылдан - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 2006 жылдың шілде айынан - Алматы қаласының ІІД бастығы. ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары (2012-2019). Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі (2019-2022). 2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын», III дәрежелі «Апександр Невский» (РФ) ордендерімен; 11 медальмен марапатталған. ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері.

60 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері, «АМАНАТ» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы ҚОШАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қарағанды политехникалық институтының кен-механика факультетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының экономика факультетін бітірген. 1985 жылдан - «Жезқазғантүстімет» ӨБ байыту фабрикасының слесары, шебері. 1987 жылдан комсомол органдарында жұмыс жасады. 1989 жылдан - Жезқазған облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы. 1995 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 1999 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі. 2008 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі. 2007 жылдан ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі. 2012-2017 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. Қарағанды облысының әкімі (2017-2019); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (2019-2022). 2022 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

«Парасат» (2013), «Құрмет» (2007) ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған.

58 жыл бұрын (1965) Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің басқарма төрағасы - ректоры Қуат Маратұлы БАЙМЫРЗАЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, географ (1989).

Еңбек жолы: С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті комсомол ұйымы хатшысының идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары (1989-1991); С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті ректорының көмекшісі (1991-1997); Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенттермен жұмыс жөніндегі проректоры (1997-1998); Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің жалпы және өндірістік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры (1998-2001); Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті география факультетінің деканы (2001-2004); Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры (2004-2016). 2016 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2007); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Халық Ассамблеясы 20 жыл» (2015) мерекелік медальдары; «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгілері (2007), «Ы. Алтынсарин» (2008), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Құқық қорғауға қосқан үлесі үшін» (2014) ордендерімен марапатталған.

50 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Юрьевич ВАСИЛЕНКО дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. 1994 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын бітірген. 1994-1996 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт. 1996-1999 жылдары – ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1999-2000 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының көмекшісі. 2000-2007 жылдары – ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2007-2009 жылдары – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2009-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2012-2013 жылдары – «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары. 2013-2014 жылдары – ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2014 - 2016 жылдары – ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары (2016-2019); Қазақстан Республикасының Словакия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі (2019-2022).

2022 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі аппаратының басшысы Арман Аманжолұлы ХАСЕНОВ дүниеге келді.

Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің экономика (1999), заң (2003) факультеттерін бітірген.

Еңбек жолы: Астана қаласының салық органдарында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген (1999-2003); Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери борышын өтеген (2001-2002); Павлодар облысының прокуратурасында жұмыс істеген (2003-2009); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде басшылық қызметтерді атқарған (2009-2012); Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаментінің 1-басқармасының бастығы (2012-2014); Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында, Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген (2014-2021); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдастыру-бақылау басқармасының (штабының) басшысы (2021-2022 жж.).

2022 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

36 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі аппарат басшысы Жанат Сабыржанұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Омбы қаласында (Ресей Федерациясы) дүниеге келген, Ф.М. Достоевский атындағы Омбы мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: актерлік өнер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы (2008); Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі құрылымында сарапшы, бас сарапшы (2008-2012); Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы (2012-2013); Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Заң департаменті Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (2014 жылдан Ұлттық экономика министрлігі) (2013-2016 жж.); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Заң департаменті директорының орынбасары (2016-2019); Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі Заң департаментінің директоры (2019-2022).

2022 жылдың мамырынан бастап қазіргі қызметінде.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT