14 тамыз: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

65 жыл бұрын (1953) «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңдеуші өнеркәсіп комитеті төралқасының төрағасы БОБРОВ Владимир Яковлевич дүниеге келді.

РКФСР Свердлов облысы Краснотурьинск қаласында туған. 
Павлодар индустрия институтының энергетика факультетін бітірген (1975), инженер-электрик.
Техника ғылымдарының кандидаты. «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
1975 жылдан - Павлодар индустрия институтының ассистенті, аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі. 1988 жылдан - «Средазэнергомонтаж» тресінің бас инженері, меңгерушісінің орынбасары. 1993 жылдан - «Қазэнергокабель» АҚ бас директоры.

2004 жылдан - ҚР Парламенті Мәжілісінің үшінші, төртінші шақырылымдарының депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. 2012-2016 жылдары - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мүшесі. 2017 жылдың маусым айынан қазіргі қызметінде

«Құрмет» орденімен (2004); «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған.

61 жыл бұрын (1957) Маңғыстау облыстық сотының төрағасы АЛАНОВ Жақсылық Рзабекұлы  дүниеге келді.

Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында туған.

С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетті заңгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Гурьев химия зауытының жөндеу-механика цехында темір ұстасының шәкірті, дәнекерлеуші-дайындаушы болып бастаған.

1977-1978 жылдары Гурьев ауылшаруашылық техникумында, 1978-1983 жылдары С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетте оқып шықты. 

1983-1985 жылдары Орал облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, 1985-1993 жылдары Орал облыстық прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі, прокурордың аға көмекшісі, аға прокуроры қызметтерін атқарған. 1993-1994 жылдары Орал қаласындағы "Крамдс Барс" фирмасының заңгері. 1994 жылы сот саласындағы алғашқы қызмет жолы басталған. 1994-1996 жылдары Батыс Қазақстан облыстық сотының мүшесі; 1996-1999 жылдары Батыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқа төрағасы; 1999-2001 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы; 2001-2006 жылдары ҚР Жоғарғы Сотының судьясы; 2006-2011 жылдары Атырау облыстық сотының төрағасы; 2011-2015 жылдары Астана қалалық сотының судьясы. ҚР Президентінің 2015 жылғы 18 наурыздағы Жарлығымен Маңғыстау облыстық сотының төрағасы қызметіне тағайындалды. 

"Құрмет" орденінің, "ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл", "ҚР Тәуелсіздігіне 15 жыл", "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл" мерекелік медальдарының иегері.

60 жыл бұрын (1958) «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» АҚ президенті ДҮЙСЕМБАЕВ Еркін Сейдеғалиұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Дмитриевка ауылында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын инженер-экономист мамандығы бойынша; Қазақ гуманитарлық-заң университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

ҚазКСР ГА математика және механика институтының инженері, Сәулет-құрылыс институтының комсомол комитеті хатшысының орынбасары, Жамбыл аудандық ақпараттық-есептеу орталығының инженері, басшысы, «Қазахинтерарт» АӨТБ бас директоры, Қазкредсоцбанк «Райымбек» филиалының директоры, ҚР Мемлекеттік инвестициялар комитетінің менеджері, «Дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс департаменті» РМК бас директорының бірінші орынбасары, ҚР СІМ ТМД департаменті бастығының кеңесшісі. 1999-2000 жылдары - «Қазақстандық стандарттау, метрология және сертификаттау орталығы» РМК бас директоры. 2000-2009 жылдары - «¥лттық сараптау және сертификация орталығы» АҚ президенті. 2009-2011 жылдары - ҚР көлік және коммуникация вице-министрі. 2011-2012 жылдары ҚР көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және байланыс жолдары комитетінің төрағасы. Қазіргі қызметінде 2013 жылдан бері. «Құрмет» орденімен марапатталған (2008).

57 жыл бұрын   (1961) ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Әдеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі ОМАРБЕКОВА Жанат Әнуарбекқызы  дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.

Семей қаласының Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын және Қазақстан-Ресей университетін бітірді. Физика-математика ғылымдарының кандидаты.

1983-1984 жылдары Семей қаласы №36 орта мектебінің мұғалімі. 1984-1986 жылдары Екібастұз қаласы кентау техникумының физика мұғалімі. 1986-1990 жылдары Екібастұз қаласы СПТУ-14 физика мұғалімі. 1990-1994 жылдары «Азат» ШК-ның ғылыми қызметкері. 1994-1999 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС-нің ғылыми қызметкері. 1999-2008 жылдары Екібастұз қаласындағы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты филиалының директоры. 2008-2009 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС коммерциялық директоры. 2009 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің халықаралық ынтымақтастық және үйлестіру басқармасының бас сарапшысы. 2010-2016 жылдары «Мүгедектерді белсенді оңалтудың спорттық орталығы» ЖШС бас директоры. 2010 жылдан бастап «Қазақстан мүгедектер конфедерациясының» президенті. 2016 жылдың 24 наурыздан бастап алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, партиялық тізімі бойынша сайланған. Паралимпиядалық спорттың дамуына үлес қосқаны үшін «Қайсар Тұлға» сыйлығының лауреаты.

56 жыл бұрын (1962) ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары ТҰРҒЫМБАЕВ Ерлан Заманбекұлы дүниеге келген.

Алматы қаласында туған.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1984) заңгер-құқықтанушы мамандығы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қаржы және несие факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2004).

1984 жылдан - Қарағанды облыстық ІІБ Саран ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел өкілі. 1986 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Алатау АІІБ тергеу бөлімінің тергеушісі, аға тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 1993 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасы бастығының орынбасары. 1995 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Калинин АІІБ бастығы. 1996 жылдан - Алматы қаласы Калинин ауданы бойынша МТК ББ бөлім бастығы, ҚР Мемлекеттік салық комитетінің Салық полициясы бас басқармасында Салық тергеулері басқармасының бастығы. 1997 жылдан - Алматы қалалық ІІББ Тергеу басқармасының бастығы, Алматы қалалық ІІББ Жетісу АІІІ. бастығы, Алматы қалалық ІІББ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары. 2000 жылдан - ҚР ІІМ 9-шы департаментінің бастығы. 2002 жылдан - ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы. 2003 жылдан - СҚО ІІБ бастап 2006 жылдан - ҚР ІІМ Тергеу комитетінің төрағасы. 2006 жылдың шілде айынан бері - Алматы қаласының ІІД бастығы. Қазіргі қызметінде 2012 жылғы желтоқсаннан бері. II дәрежелі «Даңқ», II дәрежелі «Айбын», III дәрежелі «Апександр Невский» (РФ) ордендерімен; 11 медальмен марапатталған. ҚР ІІМ Еңбек сіңірген қызметкері. Полиция генерал-майоры.

56 жыл бұрын (1962) Қарағанды облысының әкімі ҚОШАНОВ Ерлан Жақанұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында туған. Қарағанды политехникалық институтының кен-механика факультетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының  экономика факультетін бітірген.
Көптеген мақалалардың авторы. 

1985 жылдан - «Жезқазғантүстімет» ӨБ байыту фабрикасының слесары, шебері. 1987 жылдан комсомол органдарында жұмыс жасады. 1989 жылдан - Жезқазған облысы бойынша Сыртқы экономикалық байланыстар комитетінің жетекші маманы, бөлім бастығы, төрағаның орынбасары, төрағасы. 1995 жылдан ҚР Парламенті Сенатының депутаты. 1999 жылдан - ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары, ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі. 2008 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация вице-министрі. 2007 жылдан ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Үкіметінің ҚР Парламентіндегі өкілі. 2012-2017 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы. Қазіргі қызметінде - 2017 жылғы наурыздан бері.

 

53 жыл бұрын (1965) І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры БАЙМЫРЗАЕВ Қуат Маратұлы дүниеге келген.

Алматы облысы Жамбыл ауданы Бірлік ауылында туылды. География ғылым докторы (2001). ҚазМУ-ды (1989, қазіргі ҚазҰУ) және аспирантурасын (1996) бітірген. Осы университет ректорының көмекшісі, проректоры (1991-2000), декан (2001), 2002 жылдан Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры болды. 2004-2016 жылдары Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры

Баймырзаев 50-ден астам ғылыми еңбектің авторы.

Қазіргі қызметінде - 2016 жылғы желтоқсаннан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

46 жыл бұрын (1972) ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары  ВАСИЛЕНКО Роман Юрьевич дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған.

1994 жылы Ресей Федерациясы Қарулы күштерінің Экономика, қаржы және құқық әскери академиясын бітірген.

1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің жетекші маманы, референт. 1996-1999 жылдары - ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының көмекшісі. 2000-2007 жылдары - ҚР Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығының бас инспекторы; Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің кеңесшісі; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2009-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2012-2013 жылдары - «Назарбаев орталығы» көпфункционалды ғылыми-сараптамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары. 2013-2014 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 2014 - 2016 жылдары - ҚР СІМ Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы. 2016 жылғы наурыздан қазіргі қызметінде.

 ТЕМІРХАНОВ Ержан Оралұлы 38 жыл бұрын (1980) Қарағанды облысы Саран қаласының әкімі ТЕМІРХАНОВ Ержан Оралұлы дүниеге келген.

Ол Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды заң институтын заңгер мамандығымен, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығымен бітірген.

Еңбек жолы: Алматы қаласы бойынша кедендік бақылау департаментінде қызметте (2002-2005); Алматы қаласындағы «Терма-Ақсай» ЖШС (құрылыс компаниясы) басшысы (2005-2008); Қарағанды қаласындағы «Тау-кен компаниясы» ЖШС директоры (2009-2011); «БТА Банк» АҚ проблемалық қарыздар басқармасының бастығы (2011); Қарағанды облыстық әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы (2012-2013); Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары (2013); Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі (2013-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы мамырдан бері атқарып келеді.

Соңғы жаңалықтар