14 тамыз күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 тамыз күні еліміздің аумағында өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

8.30-да «Астананың оңтүстік-батысын аралау» атты баспасөз туры басталады. Оның негізгі мақсаты әуежай ауданы, Қосшы және Ильника кенттеріндегі құрылыс жұмыстары туралы халыққа ақпарат беру. Журналистер Қазавтожол орталық аппаратының ғимаратында жиналады.

10.00-де «Үкімет үйінде» Үкіметтің кезекті отырысы басталады.  Күн тәртібінде 2018 жылдың 7 айының республикалық бюджеті мен «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру қорытындылары және ауылдық елді мекендерге кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету, 5G және дата-орталықтарды дамыту мәселелері талқыланады.

10.00-де Оқушылар сарайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша республикалық тамыз конференциясы басталады.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

11.00-де Көкшетау қаласындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде  Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының  орынбасары Манапхан Қансейтов және Ақмола облысы құрылыс басқармасы басшысының қаржы мәселелері бойынша орынбасары Елена Искакованың қатысуымен «Құрылысқа жаңа технологияларды енгізу туралы» тақырыбында брифинг өтеді.

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

10.00-де «Жайық» студенттік спорт кешенінде Атырау облысының ірі ет өндірісі кооперациясының қатысушылары үшін «Neо Nomad» іскерлік ойыны өткізіледі. Шара барысында Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары ет мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын таныстырады.

Соңғы жаңалықтар