14 тамыз. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы
2022 жылғы 14 тамыз 06:18

14 тамыз. Қазгидрометтің күн райына жасаған болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 14 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауқымды Солтүстік Батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сонымен қатар температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі. Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың шеткі солтүстік аудандары мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай болады, екпінді жел соғады. Республика бойынша кей жерлерде түнгі сағаттарда тұман күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында өте қатты ыстық сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында қатты ыстық сақталады, алматы облысында қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT