+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

14 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 14 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
14 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 14 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы Ташкентте Орталық Азия республикаларының – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері кездесті. Оның қорытындылары бойынша өңірдегі жағдайдың нашарлауы, халық шаруашылығының барлық саласындағы дағдарыс, әлеуметтік жағдай мен ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі бойынша коммюнике қабылданды.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Гана Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылды. Гана - Қазақстанның Батыс Африкадағы маңызды серіктесі, ҚР үкіметі екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға күш салып келеді.

2004 жылы қазақстандық жас режиссер Гүлшад Омарованың «Шиза» фильмі Ресей прокатына шықты. Ресейлік режиссер Сергей Бодров осы картинаның сценарийін жазысты. Фильмде жасырын төбелес додасын ұйымдастыратын қылмыстық топқа мүше бозбала туралы сөз болады. Фильмді Еуропа жұрты да жылы қарсы алды. «Шиза» 57-ші Канн фестивалінде көрермендердің алғысын алды.

2005 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз астанасындағы Қазақстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты.

Елбасы Қырғызстанда Қазақстан Республикасының елшілігін ашу туралы Жарлыққа 1993 жылғы 9 қаңтарда қол қойған болатын.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлықтары туралы» Жарлыққа қол қойды.

2009 жылы Үндістанның Дж. Неру атындағы университетінде қоғамдық, аналитикалық және студенттік ортаның және жергілікті БАҚ-тың қатысуымен «Заманауи Қазақстан: алға бағытталған жол» атты кітаптың тұсау кесу рәсімі болып өтті.

Кітапта Қазақстанның жетекші сарапшыларының еліміздегі әлеуметтік-саяси және экономикалық процестер туралы мақалалары және Қазақстан мен Үндістан арасындағы екіжақты қарым-қатынастарының дамуы жөнінде жазылған. Бұл кітап 2009 жылдың қаңтарында Қазақстан Республикасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндістанға жасаған мемлекеттік сапарына орайластырылған.

2012 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының музыкалық білім кафедрасының 2-курс студенті Роза Мұқатаева Италияның Римини қаласында өткен жас эстрада әншілері фестивалінде «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша 1-орынды жеңіп алды. Ол фестивальда «Карузоға арнау» әнін итальян тілінде орындап, көптің көңілінен шықты.

2013 жылы Қазақстанда Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық оқу орталығы ашылды. Оқу орталығын құру ИКАО-ның қауіпсіздік жөніндегі «ISD-Security» бағдарламасын жүзеге асыруға, сондай-ақ ҚР аумағында және орталық азия аумағының өзге де мемлекеттерінде әуе тасымалының қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Бұл әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік қызметі мен авиакомпанияларға мамандар даярлауды және қайта даярлауды жүзеге асырумен айналысатын бұрынғы кеңестік одақ кеңістігіндегі үшінші орталық ( Киев пен Мәскеуден кейін).

2016 жылы балалар арасында өткізілген «Жаңа толқын» байқауында Қазақстан атынан қатысқан 11 жасар Жанел Сәдуақас үздік үштікке кірді және оған конкурс тарихындағы ең үлкен фан-клуб үшін арнайы жүлде берілді. Конкурсқа әлемнің 11 елінен, соның ішінде, Ресей, Армения, Латвия, Мальта, Қазақстан, Қырғызстан, Корея, Румыния елдерінен 8-12 жас аралығындағы 15 бала қатысты.

2016 жылы Сарыарқа археология институты археологиялық экспедициясының қызметкерлері Қарағанды маңынан Беғазы-Дәндібай мәдениетіне (б.з.б. 15-10 ғғ.) тән ғажайып баспалдақты кесенені тапты. Алып қорымның сыртқы пішіні Джосер перғауынның пирамидасын еске салады. Ескерткіштің құрылысына қарағанда, ол үш мың жыл бұрын салынған. Одан алынған материалдар мен құнды бұйымдардың барлығы Қарағанды университетінің Археология музейіне берілді.

2016 жылы Павлодар облыстық көркемөнер музейінде белгілі қылқалам шебері Ғалым Қаржасовты (1954-2016) еске алу көрмесі ашылды. Оған қойылған 60 полотно ерекше дарын иесінің шығармашылық тұлғасын тануға мүмкіндік береді. Ғалым Қаржасов 1998 жылы Президенттік сыйлықтың лауреаты, «Мастер-класс Қазақстан-2000» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты болды. Оның еңбектері Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік бейнелеу өнері музейінде, Павлодар, Семей, Атырау, Қарағанды, көркемөнер музейлерінде, Қазақстан, Франция, Германия, Канада азаматтарының жеке коллекцияларында сақтаулы.

2017 жылы муайтайдан Таиланд корольдігінде өткен жастар және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында қазақ спортшылары 12 медаль еншіледі. Сайысқа әлемнің 79 елінен 1 000 спортшы қатысты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT