14 шілдеден бастап Медеу, Бутаков, Алма-Арасанға кіруге тыйым салынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында Алматы әкімдігі 14 шілдеден бастап күшейтілген карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парк, туристік нысандарға (Медеу, Бутаков, Алма-Арасан) кез келген көлік түрінің кіруіне тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сондай-ақ аталған аумақтарда осы ережелерді қатаң ұстана отырып жаяу және велосипедпен серуендеуге тек жұмыс күндері рұқсат етіледі:
1. Өзімен бірге азық-түлік (сусыннан басқа) әкелуге, отырыс ұйымдастыруға және от жағуға қатаң тыйым салынады;
2. Парк аумағында үш адамнан артық топтасуға болмайды;
3. Санитарлық нормаларды және әлеуметтік арақашықтықты ұстану қажет (маска кию, адамдар арасында қашықтық сақтау).
Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) Ұлттық парк аумағы келушілер үшін толығымен жабық болады.
Карантин шараларының сақталуын ТЖД, құқық қорғау органдары, СЭС және Ұлттық парк қызметкерлері бірлесіп қадағалайды. Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған азаматтар парк аумағынан шығарылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Қала тұрғындарына карантин кезінде тауға бармауға кеңес беріледі.
- Жамбыл облысындағы 222 мектеп оқушыларды қашықтан оқытуда
- МӘМС жүйесі: Коронавирустан жазылғаннан кейін оңалтудан қалай өтуге болады
- Шымкентте карантин талаптарын бұзғандарға 3 млн теңге айыппұл салынды
- Қостанай облысында 5-11 сынып оқушылары қашықтан білім алады
-
Аустралия ашық чемпионатына келген 47 теннисші карантинде жатыр
-
COVID-19 шалдыққандарға медициналық көмекті ұйымдастыру мәселесі талқыланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам