14 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 14 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да The St. Regis Astana қонақүйінде ҚР Энергетика вице-министрі Жандос Нұрмағанбетов және Ресей Федерациясы, Әзербайжан, Қырғыз, Армения, Беларусь, Молдова, Тәжікстан, Өзбекстан, сонымен қатар Түрікменстан республикалары өкілдерінің қатысуымен ТМД Электр энергетикалық кеңесінің 60-шы отырысы өтеді.

10.00-де Назарбаев Университетінде Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Жастар кеңесінің V-ші отырысы өтеді.

11.00-де Видеобайланыс режимінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.

14.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

18.00-де «Астана Опера» театрында IX театрлық маусымның аяқталуына арналған баспасөз шарасы өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Ғашық жүрек» поэтикалық-музыкалық қойылымы көрсетіледі.




Фото: depositphotos.com



Соңғы жаңалықтар