+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

14 шілде. Туған күн иелері

2021 жылғы 14 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
14 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 14 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

63 жыл бұрын (1958) «Kazenergy» қауымдастығының Бас директоры Кенжебек Ниязұлы ИБРАШЕВ дүниеге келді.

Гурьев (қазіргі Атырау) облысында туған.

И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген (1981), тау-кен инженері-бұрғышы. Техника ғылымдарының кандидаты.

1975 жылдан - Каспий маңы мұнай барлау экспедициясында дизельші, моторшы.

1981 жылдан - «Ембімұнай» ӨБ Балықшы барлаушылық бұрғылау басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шебері, бұрғылау жөнінде аға инженер, бұрғылау учаскесінің бастығы, бас технолог.

1988 жылдан - «Гурьевмұнайгазгеология» ӨГБ Каспий маңы МБЭ бас инженері, «Ембімұнай» ӨБ Балықшы барлаушылық бұрғылау басқармасының бастығы.

1993 жылдан - «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ Атырау филиалының директоры, 1996 жылдан - вице-президенті, 1997 жылдан - президенті.

1998 жылдан - «ОКІОС» компаниясының әкімші менеджері. 2001 жылдан «Agip КСО» компаниясының жаңа жобалар женіндегі менеджері, 2002 жылдан - «Адір КСО» компаниясының аймақтағы жобалар женіндегі директоры.

2003 жылдан - «Agip» КСО» компаниясының ҚР-дағы бизнесті дамыту жөніндегі директоры. 2005 жылдан - «ҚазМұнайТеңіз» ТМК АҚ бас директорының бірінші орынбасары.

2006 жылдан «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ бас директоры. 2007-2009 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ вице-президенті.

2009-2011 жылдары «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры. «ҚазМұнайГаз» АҚ еншілес компаниясы – «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ Бас директоры (2011-2012), «KazEnergy» ЗТБ төрағасының кеңесшісі (2013), «PSA» ЖШС Бас директоры (2013-2017), Қазақстан-Британ техникалық университетінің президенті (2017-2021).

Қазіргі қызметін 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» (1997), «Парасат» (2010) ордендерімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001) медалімен, «Қазақстан мұнайына 100 жыл» төс белгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасының жер қойнауын Құрметті барлаушысы.

56 жыл бұрын (1965) Төтенше жағдайлар және апаттардың қаупін төмендету орталығы директорының орынбасары Серік Ғабдоллаұлы ӘУБӘКІРОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. 1985 жылы СССР ІІМ Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесі- өрт сөндіруші-технигі, ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі (1996 жылы) - өрт қауіпсіздігі инженері.

Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (1985-07.1986 жылдары), Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ВПЧ қарауыл бастығы (07.1986-10.1986 жылдары), Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (10.1986-1988 жылдары), Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ аға инженері (1988-1990 жылдары), Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ӨКБ бастығы (1990-1991жылдары), Алматы қаласының МӨҚ ММ №4 ӨБ бастығы (1992-1999 жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының орынбасары (1999 -2001жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы (2001 -2005 жылдары), Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бастығы (2005-2006 жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (2006-06.2007 жылдары), Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы (06.2007-10.2007 жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (10.2007-11.04.2008 жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы (11.04.2008.-10.2014 жылдары). 2014-2015 жж. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары болған. ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы (2015-2020).

Қазіргі қызметінде - 2020 жылдың желтоқсанынан.


44 жыл бұрын (1977) Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Қалмұханұлы ТӘЖІБАЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі – Түркістан) дүниеге келген.

2000 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік Ұлттық университетінің «халықаралық құқық», 2007 жылы «Парасат» қазақ көпсалалы институтының «экономика», Мадрид қаласындағы «Instituto de Empresa» халықаралық бизнес-мектебінің «Executive MBA» (бизнес кәсібиді оқыту бағдарламасы) мамандықтары бойынша бітіріп шыққан.

1996 жылы Астана қаласында «Эльмора» ЖШС-нің заң кеңесшісі болып бастаған.

2000 жылдардан бастап Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Заң институтының заңгерінен бастап, «Самұрық Қазына» АҚ-ның аппарат басшысы, «Самұрық Қазына» АҚ-ның Адами ресурстарды басқару басқармасының басқарушы директоры – Басқарма мүшесі қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып қызмет еткен. 2019 жылдың наурыз айынан бастап Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі лауазымын атқарған.

2019 жылдың тамыз айынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

2009 жылы «Ерен еңбегі үшін», 2016 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT