Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

14 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 14 шілде 08:08 67
Бөлісіңіз:
14 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 14 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

54 жыл бұрын (1965) ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметі генерал-майоры Серік Ғабдоллаұлы ӘУБӘКІРОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында  туған. 1985 жылы СССР ІІМ Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесі- өрт сөндіруші-технигі, ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі (1996 жылы) - өрт қауіпсіздігі инженері.  Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (1985-07.1986 жылдары), Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ВПЧ қарауыл бастығы (07.1986-10.1986 жылдары), Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (10.1986-1988 жылдары), Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ аға инженері (1988-1990 жылдары),  Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ӨКБ бастығы (1990-1991жылдары),  Алматы қаласының МӨҚ ММ №4 ӨБ бастығы (1992-1999 жылдары),  Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің  «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының орынбасары (1999 -2001жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы (2001 -2005 жылдары), Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бастығы  (2005-2006 жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (2006-06.2007 жылдары),  Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы (06.2007-10.2007 жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (10.2007-11.04.2008 жылдары), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы (11.04.2008.-10.2014 жылдары). 2014 жылдың  қазанынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары болған.

Қазіргі қызметінде - 2015 жылдың қазанынан.

42 жыл бұрын (1977) Қарағанды облысы әкімінің аппарат басшысы Жанат Маратұлы ЫСҚАҚОВ дүниеге келді.

1998 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, ал 2006 жылы Қарағанды экономика университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист және құқықтану бакалавры.

Еңбек жолын 1999 жылы бастаған. Облыстың экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлікті дамыту басқармасында, Қарағанды қаласының экономика және кәсіпкерлікті дамыту Бас басқармасында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Облыс әкімі аппаратының бірнеше бөлімінде басшылық қызметте болды.

2009-2011 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің кеңесшісі, облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімі болды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT