Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

14 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 14 шілде 07:00 61
Бөлісіңіз:
14 шілде. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 14 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы құрылды.

2005 жылы Алматыда Орталық Азиядағы адам құқығын қорғайтын Мұсылман комитетінің бас кеңсесі ашылды. Комитет мүшелері болып заңгерлер, теологтар және діни қауым өкілдері тіркелді. Ұйымның мақсаты -азаматтардың ұлтына, дініне және саяси тиістілігіне қарамастан құқығын қорғау.

2009 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологтар экспедициясы Нұра өзенінің ортаңғы ағысының тұсынан сақ дәуірінің жәдігерлерін тапты.

Самарқанд және Тегісжол ауылдарының арасындағы Темірқаш шатқалында жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде темір қорамсақ, жебенің ұшы, жас сарбаз белбеуінің айылбасы сияқты заттар табылған. Археологтар бұл жәдігерлерге 2 мың жылдан астам уақыт болған деп пайымдады.

2009 жылы Қазақстан құрама командасы 50-ші халықаралық математика олимпиадасына қатысу үшін Бремен қаласына (Германия) барды. Халықаралық математика олимпиадасының ұйымдастыру комитетінің қорытынды отырысында 95 елдің өкілдері 2010 жылы 51-ші Халықаралық математика олимпиадасын ұйымдастырушы ел ретінде Қазақстанды таңдады.

2009 жылы Алматыда қашықтығы 1500 шақырымды құрайтын Алматы - Бурабай бағыты бойынша автожарыс-экспедициясы өтті.

2011 жылы Қазақстан аумағында ақын, журналист, драматург және композитор Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жыл толуына орай пошта маркасы қолданысқа енгізілді.

2011 жылы Петропавл қаласының орталығында Қазақстан Конституциясы мен П.Васильев көшелерінің қиылысында биіктігі 28,5 метрлік Тәуелсіздік стеласының құрылысы басталды. Оның ең жоғарғы тұсына Самұрық құсы орнатылған.

2012 жылы Американың Nadine Krakov Collection дүкені еВау электронды аукционында XVII ғасырда Қазақстанда тігілген әлемдегі ең қымбат тақияны сатылымға шығарды. Асыл тастармен әшекейленген көне бас киімнің бастапқы бағасы 15,5 мың доллар ретінде белгіленді.

2014 жылы алты жасар алматылық қыз Софи Манасян Австриядағы дарындылар шоуында Қазақстанның намысын абыроймен қорғап, алтын мүсін мен «Алтын үміт» арнайы жүлдесін жеңіп алды.

Венадаға дарындылар байқауына кішкене жұлдыз үш би дайындады.

2014 жылы Қазақстан жастар саясаты бойынша бірінші жаһандық форумға қатысу үшін Бакуге (Әзербайжан) шақыртылды.

2016 жылы Қазақстандық балет жұлдызы, Astana Opera театрының жетекші әншісі Бақтияр Адамжан Ыстанбұлда (Түркия) V халықаралық балет әртістері байқауында Гран-При иегері атанды.

2018 жылы World Champions Olympic байқауына қатысқан қазақстандық «Бастау» домбырашылар дуэті өз номинацияларында алтын медаль жеңіп алды.

2018 жылы Аршалы ауданы Жібек жолы кентінде 13 гектар аумақта Қазақстан мен ТМД елдерінде теңдесі жоқ бірегей демалыс аймағы ашылды. Табиғаты, ландшафты әсем көпфункциялы кешен өзеннің жағасында орналасқан. 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Мухамедиярова Жанара
Мухамедиярова Жанара
954-059

MURAǴAT