14 сәуірде ел аумақтарының басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр  жауады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Республиканың оңтүстік жартысында найзағай ойнап, бұршақ болуы мүмкін. Кей жерлерінде жел күшейіп,  тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел тұрып, жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, кей уақытта 30 м/с болады.

 Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал, күндіз шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман күтіліп, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Шығыс Қазақстан облысында жел тұрып, жылдамдығы  15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар