14 сәуір. Тұлғалар туған күн

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 сәуірде тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

5 6 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысы дирекциясының бірінші орынбасары – штаб бастығы Қайрат Әнуарбекұлы САДЫҚОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Орынбор Жоғары зенитті-зымыран командалық училищесін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанындағы академиялық курстарды, Д.Қонаев атындағы университетті «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бас басқармасының басшысы болды.

2023 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

II дәрежелі «Айбын», «Жауынгерлік ерлігі үшін» ордендерімен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

49 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Юрий Петрович ЧЕРКАСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, әлеуметтану (1996); Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей мемлекеттік басқару академиясы, сайлау науқанындағы саяси имидж (1998).

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті институтында философия, әлеуметтану, саясаттану оқытушысы (1996-1998); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ақпараттық-талдау орталығының социологиялық зерттеулер секторының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының сектор меңгерушісі (1998-2001); «Интерком-А» ЖШС директорының орынбасары (2001-2002); PR-Agency Intellect-Capital ЖШС директоры (2002-2006); «Ksilon Astana CG» ЖШС басқарушы серіктесі, директоры (2005-2006); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімі меңгерушісінің бірінші орынбасары (2006-2009); «Медиа Консул» ЖШС директоры; «Нұр Отан» партиясы Орталық аппараты басшысының орынбасары (2019 ж.).

2020 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1983) Креативті индустрияларды дамыту жөніндегі жобалық кеңсенің басшысы Данат Есболұлы ЖУМИН дүниеге келді.

Қостанай облысында туған. 2006 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университетін «саясаттанушы», 2009 жылы АҚШ Монтана университетін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы және 2017 жылы АҚШ Гарвард бизнес мектебін жоғары басшыларды даярлау бағдарламасы бойынша бітірген. 2003-2007 жылдары Қазақстан жастар конгресінің атқарушы директоры. 2009-2011 жылдары ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының дипломатия институты ректорының кеңесшісі, директордың орынбасары. 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы «Apex Consult» ЖШС бас директоры. 2013-2014 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ хатшылығының басшысы, басқарма төрағасының кеңесшісі. 2014-2016 жылдары «Қазақстан 2050» жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жылдары Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі. 2017-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратында саяси жұмыстар департаментінің директоры қызметтерін атқарған. 2018-2019 жылдары - Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары.

2021 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

39 жыл бұрын (1984) Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әли РУСТАМ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін бітірген, шығыстану (арабтану) (2006, 2008, 2011); І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, қаржы (2017).

Еңбек жолы: Алматы қаласындағы «Бизнес апталығы» газетінің тілшісі (2006-2008); Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер (2007-2008); «Kaspiy» Орталық Азия және Кавказ этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі (2007-2008); «Бизнес апталығы» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы (2008-2010); Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (2008-2010); «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары (2010-2011); «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ жанындағы «Жетісу жастары» мемлекеттік кәсіпорнының директоры (2011-2012); Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы (2011-2012); Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнар ауылдық округінің әкімі (2012); «Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2012-2016); «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2016-2020); Жетісу мемлекеттік университетінің оқытушысы (2017-2020); Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының оқытушысы (2018-2020); Алматы облысы әкімінің орынбасары (2020-2021); Алматы облысы Ескелді ауданының әкімі (2021-2022).

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016), «Ерен еңбегі үшін» (2018), «Қазақстан мәслихатына 25 жыл» (2019) медальдарымен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар