14 наурыздан бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 наурыздан бастап eGov.kz порталына логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру мүмкін болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы eGov.kz порталының әлемуеттік желідегі ресми парақшаларында «Маңызды ақпарат!» айдарымен мәлімет пайда болды. https://fb.watch/bInyUwmKEi/

«14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қол жетімсіз болады.

Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады. Олар:

• логин / ЖСН енгізу;

• құпиясөзді енгізу;

• мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі», - делінген хабарламада.

Аталған әрекеттерді компьютер арқылы қалай іске асыруға болатыны туралы бейне-нұсқау да берілген.

«Енді eGov порталына кіру үшін пайдаланушылар логин немесе ЖСН-ді енгізіп, құпия сөзді теру қажет. Телефон нөміріне жіберген бір реттік SMS-кодты енгізу арқылы кіруді растау керек. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі», - делінген бейне-нұсқауда.


Соңғы жаңалықтар