14 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген кредит алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2018 жылы 500 млн қазақстандық «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасты. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету азаматтардың табысына және жұмыссыздардар мен нәтижесіз жұмыспен қамтылғандардың өмір сүру сапасын арттыруға тікелей әсер етеді. Бұл жұмысты күшейту аз қамтылған отбасылардың санын азайтып, жұмысқа орналасқан соң жеке басы мен отбасын өз бетінше қамтамасыз етуге көмектеседі. Бұл үшін біз «Еңбек» мемелекеттік бағдарламысын іске асырып отырмыз», - деді ол.

Оның мәліметінше, өткен жылы бағдарлама аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 628 мың адам қамтылды. Оның ішінде 497 мыңы жұмысқа орналастырылып, оның 380 мыңы тұрақты жұмыс орындарына тұрды. 14 мыңнан астам қазақстандық жеңілдетілген микрокредит алды. Оның ішінде 10 мыңға жуық жұмыссыз азамат алғаш рет өз кәсіптерін ашты.

Министрдің айтуынша, микрокредиттеудің тағы бір қосымша әсері жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Микрокредит алушылар 12 мыңнан астам жұмыс орнын құрды. Ағымдағы жылы Елбасы тапсырмасымен бағдарлама «Жастар - Ел Тірегі» жалпыұлттық жоспарымен толықтырылды. Оның шеңберінде жастардың жұмыспен қамтылуын қолдау жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған «Жас Маман» және «Жас кәсіпкер» жобалары іске асырылуда. Осылайша, үш жыл ішінде 200 жаңғыртылған оқу орындарының базасында ең көп сұранысқа ие 100 мамандық бойынша 200 мың жас маман даярланатын болады.

«Жастар практикасымен қамту жоспары кеңейтілді. 2019 жылы біз қосымша тағы да 10 мың адамды жіберетін боламыз. Бұл 25 мың жас азаматты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Үш жыл ішінде жастардың кемінде 60 мың өкілі «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздері бойынша білім алады», - деді министр.

Соңғы жаңалықтар