+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

14 мың теңге салып, 114 мың пайда табу: Прокуратура астаналықтарды абай болуға шақырды

2020 жылғы 17 ақпан 21:46
Бөлісіңіз:
14 мың теңге салып, 114 мың пайда табу: Прокуратура астаналықтарды абай болуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы азаматтарды абай болуға және табыс табудың күдікті тәсілдеріне қызықпауға шақырады. Соңғы кездері әлеуметтік желі мен мессенджерлерде «Қазан» немесе «Қара касса» ойынына шақыратын хабарламалар тарап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрған күдікті ұсталды ҚР Президенті қаржы-несие ұйымдарына қатысты жағдайды жіті тексеруді тапсырды Павлодарда «Гарант 24 Ломбардтың» өңірлік директоры 2 айға қамауға алынды

СМС-хабарламаның мазмұны бойынша, ойынға қосылу үшін белгілі бір соманы енгізіп, соңынан адам тарту керек.

Яғни, жаңа ойыншыны қосқан сайын ақша түсіп отырады. Қатысушы ақша салады, содан кейін тағы жаңа адамдарды тартады. Осылайша пирамида кеңейе береді.

Ойынды ұйымдастырушыларда «қаржылық пирамида», яғни алаяқтық тәсілмен табыс табу белгілері бар.

Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы ҚР ҚК 217-бабы (Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету) бойынша заңсыз табыс таппақ болған ойынды ұйымдастырушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартады.

Прокуратура Нұр-Сұлтан тұрғындарын абай болуға шақырады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, Заң,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT