14 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 14 маусым күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Үкіметтің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы, елімізде медицина және фармацевтика өнеркәсібін дамыту мәселелері қаралады.

10.00-де «Эталон» орталығында электр самокаттарының техникалық талаптары талқыланады. Басты тақырып – электр самокаттарын пайдалануда қауіпсіздік деңгейін арттыру, оларға қойылатын талаптар, максималды жылдамдық және таңбалау.

14.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында «Алтыбақан» ойын-сауық кеші өтеді.

15.00-де «Нурсәулет-2» бизнес орталығында Астана медицина университетінің «Фармация» мамандығының студенттері үшін ашық есік күні өтеді.

17.00-де Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында «Баян Сұлу – Қозы Көрпеш» қойылымының БАҚ өкілдері үшін премьера алдындағы көрсетілімі өтеді.

17.30-да Astana Opera Халықаралық опера академиясы дайындаған «Дон Жуан» операсына арналған баспасөз мәслихаты және қойылым премьерасы өтеді.


АЛМАТЫ

08.00-де Қалалық қан орталығында донорларға арналған жыл сайынғы салтанатты шара өтеді.

10.00-де Kazzhol Park қонақүйінде қазақстандықтардың тамақтану әдетіне қатысты өткізілген зерттеу нәтижелері жарияланады. Ұйымдастырушы - «Денсаулық» ұлттық қауымдастығы.


Соңғы жаңалықтар