Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05

14 маусым. Туған күн иелері

2019 жылғы 14 маусым 08:08
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 маусымда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


14 маусым. Туған күн иелері 37 жыл
бұрын (1982) ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы АЙМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 2003 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих факультетін «тарихшы, тарих мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2006 жылы - Қарағанды «Болашақ» актуалды білім беру институтының заң факультетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 2002 жылы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ден бастаған, 2004-2005 жылдары «Аңсар» жастар лигасы» ҚБ төрағасы болған, 2005-2006 жылдары «МЕДИА СП» ЖШС директоры, 2006-2012 жылдары - Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті ретінде қызмет атқарған. 2012-2014 жылдары Нұра ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 2014 жылғы ақпан айынан бастап 2017 жылғы тамызға дейін - Қарағанды облысы білім беру басқармасының басшысы лауазымында болды.  2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі.

2019 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі лауазымында - 2019 жылдың 13 маусымынан бері. 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT