14 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 маусым күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу жасайды.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да «Park Inn» қонақ үйінде Қазақстандағы су саясаты туралы Ұлттық диалог бойынша жұмыс тобының отырысы өтеді.

10.00-де ҚР ұлттық академиялық кітапханасында "Омбудсмен институты - шиеленісті соттан тыс реттеудегі балама" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10:00-де Қазмедиа орталығында Әділет министрінің халықпен есептік кездесуі өтеді.

10.00-де «Rixos President Astana» қонақ үйінде «Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ «Қазақстанның өнеркәсіптік саясаты: еңбек өнімділігін көтеру арқылы кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру» атты халықаралық конференция өткізеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобында жас IT-мамандарға арналған үш айлық «Цифрлық жаз - 2019» тағылымдама бағдарламасының соңғы кезеңі салтанатты түрде ашылады.

11: 00-де ҚР Ұлттық архивінде ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру және Ұлы есімдерді насихаттау мақсатында "Замана заңғарлары" атты дөңгелек үстел өтеді.

15.30-да Тәуелсіз аккредитация және рейтинг агенттігінде халықаралық ЖОО-лардың аккредитация нәтижелері жарияланады.

АЛМАТЫ

10.00-де Ғылым ордасында экономика ғылымдарының докторы, профессор Марат Кенжеғозиннің 80 жылдығына орай "Қазақстан экономикасы: бүгіннен болашаққа" тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10.00-де Достық үйінде Жастар жылы бағдарламасын жүзеге асыру аясында "Жаңа толқын 100+" республикалық жастар форумы өтеді.

11.00-де Samal water ауыз су өндіру зауыты баспасөз турын өткізеді.

14.00-де ҚБТУ-да үшінші Go Viral фестивалі ашылады және Қазақстандағы АҚШ елшісі Уильям Мозер баспасөз брифингін өткізеді.

16.00-де Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегин" операсының премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де Қапшағай қаласында "Kaz Organic Product" ЖШС органикалық балық өнеркәсібі кешені ашылады.

Соңғы жаңалықтар