14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қыркүйек күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек батыста атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың кей аумақтарында жел күшеюі мүмкін, солтүстік,  солтүстік-батыс, орталық және шығыста түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Шығыс Қазақстанда түнде және таңертең Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында тұман болжанады.

Сондай-ақ түнде Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде -3 градусқа дейін үсік сақталады.

Соңғы жаңалықтар