14 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 қыркүйек күні еліміздің барлық аумағында жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі. Алайда, кезекті циклонның жырасы Батыс Қазақстан облысына ықпал ете бастайды, өңірдің кей жерлерінде найзағай, жаңбыр, екпінді жел болжанады. Республиканың солтүстік-батысы мен қиыр солтүстігінде түңгі және таңғы сағаттарда тұман болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, «Қазгидромет» РМК мәліметінше, Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнап, желдің күші 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстіқ Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.

Сондай-ақ Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар