+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

14 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 14 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
14 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 14 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі 23 қазан. Туған күн иелері 23 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1920 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш әділет халық комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды. Ол басшылық жасаған тұста қалыңмалды тоқтату, барымта туралы және т.б. декреттердің ең алғашқы жобалары жасалды. 1920 жылдың аяғына таман оның басшылығымен республикада 231 сот және 111 тергеу учаскелері құрылды.

1936 жылы Алматының шығыс бөлігінде Фрунзе ауданы құрылды. 1980 жылы көршілес жаңа ауданның ұйымдасуына байланысты мұның аумағы және шекарасы өзгерді. 1995 жылғы желтоқсанның 12-інде Алматы қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес Медеу ауданы болып өзгертілді. Бұл аудан Алматы қаласындағы ең әдемі және ұлттық сәулет элементтері, төңірегінің табиғат сұлулығы және құрылыс индустриясының жетістіктері үлкен талғампаздықпен үндестік тапқан аудандардың бірі болып есептеледі.

1997 жылы Өскемендегі Краснооктябрьская көшесіне Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына орай жазушының аты берілді.

1999 жылы Алматыда АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі болды. Шара аясында АӨСШК-ға мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясы қабылданды.

2003 жылы Атырау қаласында ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген Махамбет Өтемісұлы мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Атырау облысының Махамбет ауданына сапары барысында жаңа мешіттің және Махамбет Өтемісұлы атындағы аймақтық-тарихи мұражайдың ашылу салтанатына қатысты.

2011 жылы Түркияда Анкара қаласының Етимесгут ауданы муниципалитеті ұйымдастырған түркітілдес елдердің 8-ші халықаралық «Анадолы күндері» мәдениет және өнер фестивалі өтті.

Ауданның орталық алаңындағы «Қазақ үйінде» қазақ халқының ежелгі дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық киімдерін, Қазақстан туралы баспа өнімдерін бейнелейтін экспонаттар ұсынылды. Сондай-ақ Қазақстан туралы фотокөрме ұйымдастырылды.

2011 жылы атыраулық спортшы Евгений Ухов 2 минут ішінде 24 келілік гір тасын 65 рет көтеріп, әлемдік рекорд орнатты.

56 жастағы спортшының Архангельск қаласындағы гір спорты шеберлерінің Дүниежүзілік Олимпиадасында «жұлқи көтеру-спринт» номинациясында орнатқан осы жетістігі үшін оның есімі Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді.

2012 жылы Талдықорғанда Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды. Мүсіншісі – Қазақстанға еңбегі сіңген сәулеткер Қаби Баулықов. 2016 жылы Алматыда Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдарының басшылары, дипломатиялық миссиялардың, БҰҰ агенттіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2013 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының сахнасында Қазақстандағы алғашқы «Жерұйық» рок-операсының премьерасы өтті.

Шығарманың негізіне Асан қайғының жерұйықты іздеуі туралы қазақ аңызы алынған. Рөлдерді қазақстандық эстрада жұлдыздары сомдады, ал спектакльді қоюда белгілі ресейлік қоюшы-режиссерлер жұмыс істеді.

Рок-опера жерұйықты іздеу жайлы баяндап қана қоймай, қазақ халқының бірлігі туралы да айтады.

2015 жылы Нью-Йоркте БҰҰ штаб-пәтерінде START (Skills and Technology Accelerating Rapid Transformation) ауқымды жобасы іске қосылды. Жобаның мақсаты – болашақтың тұрақты дамуы үшін технологиялық дамуға жәрдемдесу.

Жаңа жобаны бастау құрметіне Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ие болды. Аталмыш оқу орны – БҰҰ-ның жаһандық хабы және ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму жөніндегі өңірлік хабы. ЖОО әлемдегі ең үздік жоғары технологиялық университеттердің ТОП-50 құрамына кіреді.

2016 жылы Алматыда төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдарының басшылары, дипломатиялық миссиялардың, БҰҰ агенттіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2016 жылы Рио Паралимпиадасында Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медаль салған Зульфия Ғабидуллина Паралимпиада ойындары спортшыларының үздік үштігіне енді. 50 жастағы спортшы еркін әдіспен 100 метрге жүзуде жеңімпаз атанған болатын.

2018 жылы қарағандылықтар 2011 жылы Эстонияда алғаш рет өткен World cleanup day бүкіләлемдік сенбілігіне қатысуға шақырылды. Бүгінгі күні Дүниежүзілік сенбіліктерге 150-ден астам елдің тұрғындары шығады. Қазақстан бұл қозғалысқа алғаш рет қосылмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT