+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

14 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 14 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
14 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 14 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күні

Жедел жәрдем - бүкіл әлемдегі адамдардың өмірін сақтаудағы шешуші факторлардың бірі. 2000 жылдан бастап жыл сайын қыркүйектің екінші сенбісінде көптеген елдер Дүниежүзілік алғашқы медициналық көмек көрсету күнін атап өтеді (World First Aid Day). Оны өткізуге ұлттық ұйымдар - Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысының мүшелері бастама білдірді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1920 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш әділет халық комиссары болып Ғұбайдолла Әлібеков тағайындалды. Ол басшылық жасаған тұста қалыңмалды тоқтату, барымта туралы және т.б. декреттердің ең алғашқы жобалары жасалды. 1920 жылдың аяғына таман оның басшылығымен республикада 231 сот және 111 тергеу учаскелері құрылды.

1936 жылы Алматының шығыс бөлігінде Фрунзе ауданы құрылды. 1980 жылы көршілес жаңа ауданның ұйымдасуына байланысты мұның аумағы және шекарасы өзгерді. 1995 жылғы желтоқсанның 12-інде Алматы қалалық мәслихатының шешіміне сәйкес Медеу ауданы болып өзгертілді. Бұл аудан Алматы қаласындағы ең әдемі және ұлттық сәулет элементтері, төңірегінің табиғат сұлулығы және құрылыс индустриясының жетістіктері үлкен талғампаздықпен үндестік тапқан аудандардың бірі болып есептеледі.

1996 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті құрылды. ҚР Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен ҚР Мемлекеттік салық комитеті таратылды. Меншік пен істерді басқару жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер ҚР Қаржы министрлігіне берілді.

1997 жылы Өскемендегі Краснооктябрьская көшесіне Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығына орай жазушының аты берілді.

1999 жылы Алматыда АӨСШК-ға мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің алғашқы кездесуі болды. Шара аясында АӨСШК-ға мүше мемлекеттер арасындағы қатынастарды реттейтін принциптер Декларациясы қабылданды.

2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев Атырау облысының Махамбет ауданына сапары барысында жаңа мешіттің және Махамбет Өтемісұлы атындағы аймақтық-тарихи мұражайдың ашылу салтанатына қатысты.

Осы күні Атырау қаласында ЮНЕСКО шеңберінде атап өтілген Махамбет Өтемісұлы мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.

2012 жылы Талдықорғанда Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткіші ашылды.

Мүсіншісі — Қазақстанға еңбегі сіңген сәулеткер Қаби Баулықов.

2016 жылы Алматыда Төтенше жағдайлар және апаттар қаупін азайту орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдарының басшылары, дипломатиялық миссиялардың, БҰҰ агенттіктерінің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

2016 жылы Рио Паралимпиадасында Қазақстан қоржынына тұңғыш алтын медаль салған Зульфия Ғабидуллина Паралимпиада ойындары спортшыларының үздік үштігіне енді. 50 жастағы спортшы еркін әдіспен 100 метрге жүзуде жеңімпаз атанған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аудармашы - Біржанқызы Сабина

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT