14 қазанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында жаңбыр жаумайды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20,  кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с-ға дейін  күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28  м/с; Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан да асады.

Павлодар облысының басым бөлігінде  желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с-ға жетеді, кей жерлерде тұман күтіледі.

Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Қарағанды облысында кей уақыттарда епкіні 25 м/с жетеді.

Ақмола, Шығыс Қазакстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с-ға дейін күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтобе, күндіз Алматы облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Соңғы жаңалықтар