14 қазан. Туған күн иелері.

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 14 қазанға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

103 жыл бұрын (1916-1997) ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Хамит ЕРҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Атырау облысының Махамбет ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1950 жылдары - «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері. 1950-1957 жылдары - Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі. 1958-1959 жылдары Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия секциясының меңгерушісі болған. Ақынның 30-ға тарта жыр жинағы, «Әке сыры», «Үлкен жолдың үстінде», «Біздің ауылдың қызы», «Құрманғазы», «Күй дастан», «Жылдар, жылдар» атты поэмалары бар. Ақын поэзиясында Азамат соғысының отты жылдары, украин халқының ұлы ақыны Т.Шевченко тағдыры, академик, композитор А.Жұбанов бейнесі, дәуіріміздің басқа да өзекті мәселелері көркем бейнеленген. Сонымен қатар оның қаламынан туған әңгімелер мен естеліктер, әдеби мақалалар мен эсселер де бар. Ол Д.Байронның, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Р.Ғамзатовтың, А.Сурковтың кейбір поэзиялық туындыларын, Шекспир сонеттерін қазақ тіліне аударған. Қырғыз халқының «Манас», қарақалпақ халқының «Қырық қыз» эпостарын қазақ тіліне тәржімалауға ат салысқан. Ақынның өз шығармалары да бірқатар шет ел тілдеріне аударылған.

Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», І, ІІ дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

72 жыл бұрын (1947) Қазақстанның белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Ұзақбай Сүлейменұлы ҚАРАБАЛИН дүниеге келді.

Атырау облысы Ембі ауданы Қосшағыл кентінде туған. 1970 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Мұнай мен газ кеніштерін игерудің кешенді механизациясы және технологиясы» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: 1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасы Оңтүстік Ембі мұнай-газ барлау экспедициясының инженер-технологы, 1974 жылдан - Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институтының шайылмалы ерітінділер, бұрғылау технологиясы зертханасының меңгерушісі, 1981 жылдан - Қазақ ғылыми-зерттеу геологиялық барлау мұнай институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, 1988 жылдан - «Каспиймаңыгеология» Бас аумақтық басқармасы тереңдей бұрғылау басқармасының бастығы, 1990 жылдан - В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының Гурьев филиалының кафедра меңгерушісі, 1991 жылдан - ҚР Президенті Аппаратының және ҚР Министрлер кабинетінің өнеркәсіп бөлімінің аға референті, 1992 жылдан - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрлігінің мұнай және газ бас басқармасының бастығы, 1994 жылдан - ҚР Энергетика және отын ресурстары министрінің, ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, 1997 жылдан - «Қазақойл» ҰМК бірінші вице-президенті, 2000 жылдан - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ президенті, 2001 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ президенті, 2008 жылдан - «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ бас директоры, 2013 жылдан - ҚР Мұнай және газ министрі. 2014 жылғы тамыз айынан ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары. 2016 жылдың наурызынан «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары.

ІІІ дәрежелі «Барыс» (2005), «Құрмет» (2000), «Лидер российской экономики» (2005) ордендерімен; «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006) мерейтой медальдарымен; «Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері» (2007) меделімен; «КСРО жер қойнауын барлау үздігі» (1988) төсбелгісімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының құрметті жер қойнауын барлаушысы» (2003) атағын; «Kazenergy» Еуразия энергетикалық форумында «Жыл адамы» атағын, «Алтын Прометей» сыйлығын (2009) алған; «Қазақстанның Еңбек Ері» (2011).

55 жыл бұрын (1964) жазушы, драматург Роза МҰҚАНОВА дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген. Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде, Қазақстан Жазушылар одағының Аударма алқасының аға редакторы, ҚР Ақпарат министрлігінің жауапты қызметкері болған. «Жарық дүние», «Қыз жылаған», «Дүние кезек», «Құдірет-Кие», «Мәңгілік бала бейне» әңгімелері мен драмалық шығармалардың авторы. 2001 жылы Рабғұзидің «Қисса-сүл-Әнбий-я» кітабын қазақ тіліне тәржімалаған.

1996 жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында «Мәңгілік бала бейне» пьесасы қойылды. 1997 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында М.Әуезовтің «Қаралы сұлу» әңгімесінің желісінде жазылған драмалық қойылымы сахналанды. 2001 жылы Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Қыз жылаған» әңгімесінің желісімен кино түсірді.

Қазақстан Жастар сыйлығының, «Алаш» халықаралық әдебиет сыйлығының иегері.

46 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дархан Аманұлы КӘЛЕТАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл (Приозерное) кентінде туған. 1994 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тарихшы мамандығы бойынша бітірді. 1996-1997 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін бітірген.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Тілдер комитетінің жетекші маманы, 1 санаттағы маман; 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық саясат жөнінде мемлекеттік комитеттің бас маманы, жетекші маман; 05.1997-11.1997 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және мәдениет министрлігі Тіл саясатын үйлестіру департаментінің басқарма басшысының орынбасары; 1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті Жастар саясаты бөлімінің басшысы; 2001-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Ішкі саясат департаменті басшысының орынбасары; 02.2002-11.2002 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Жастар ісі жөніндегі департамент басшысы; 2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі ішкі саясат секторының меңгерушісі, бөлім басшысы; 2004-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі; 2005-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі әлеуметтік-саяси бөлімнің меңгерушісі; 2006-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі; 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары; 2008-2009 жылдары «Нұр Отан» ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары және ҚР Президентінің кеңесшісі; 2009 - 2013 жылдары «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ қоғаммен байланыс жөніндегі бас директор (2013-2016). Қазақстан велоспорт федерациясының президенті (2015 жылдан бері). 2016-2018 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы. 2018 жылдың сәуір-маусымында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі (2018-2019); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы (02.2019-03.2019).

Қазіргі қызметін 2019 жылдың наурыз айынан бері атқарып келеді.

«Құрмет» орденімен және медальдармен марапатталған.

46 жыл бұрын (1973) Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі Алтай Ерғазыұлы РАХЫМБЕТОВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1992 жылы Өскемен энергетика техникумын, Өскемен қаласы жол құрылысы институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Алматы қалалық экология және биоресурстар басқармасында бастаған. Алматы қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармасында, Алматы қаласы табиғи реурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жұмыс істеген. 2015-2018 жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі болды.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың қыркүйегінен бері.

Соңғы жаңалықтар