+7 (701) 759 90 19
USD 386.30 EUR 428.14
RUB 6.08 CNY 54.87
Jańalyqtar

14 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 14 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
14 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 14 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық стандарттау күні

1946 жылғы 14 қазанда Халықаралық стандарттау ұйымын құру туралы шешім шықты.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1939 жылы Жамбыл облысы құрылды. Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Облыстың қазіргі әкімшілік орталығы - Тараз қаласы.

Құрамына 10 аудан, 1 облыстық деңгейдегі, 3 аудандық деңгейдегі қала кіреді. Облыс түсті металдарға, баритке, көмірге, қаптайтын, төсейтін және техникалық мақсаттағы тастарға, құрылыс материалдарына бай.

Облыста қазақ және орыс драма театрлары, филармония, 5 мұрағат, кітапханалар, клубтар мен мәдениет үйлері бар. Тараз қаласының аумағында б.э.д. X-XI ғасырлардан сақталған Айша-Бибі және Бабажа қатын кесенелері, X-XIII ғасырлардан қалған Қарахан мен Дәуітбек сағаналары орналасқан.

1994 жылы Ақмоланың Революция көшесінде (қазіргі Астана қаласындағы Сейфуллин көшесі) ақын Сәкен Сейфуллиннің 100 жылдық мерейтойына орай ескерткіш ашылды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның Шөлге айналумен күрес жөніндегі конвенциясына (БҰҰ ШКК) қол қойып, оны 1997 жылдың 7 шілдесінде бекітті.

2002 жылы Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен, салтанатты жағдайда, жаңа халықаралық әуежайдың іргетасы қаланды.

2011 жылы Қазақстанда 30 мемлекет өкілдерінің басын қосқан «Ядросыз әлем» халықаралық форумының аяғында Бейбітшілік стелласы ашылды. 28 метрлік ескерткіш ядро сынақтарының құрбандарына арналған «Өлімнен де күштірек» монументі тұрған арналған орнатылды.

2014 жылы Грекияда қазақтың қоғам қайраткері, жазушы Сәкен Сейфуллинге қатысты 1930 жылдардағы кезеңдегі латын әліпбиінде жазылған құжаттар табылды.

2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетов ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ғарышта болған және жерімізді 150 реттен астам ұшып өткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын тапсырды.

2016 жылы Каспий құбыр консорциумы (КҚК) іске қосу-баптау шеңберінде жүргізілген жұмыстар кезінде Қашаған кен орнынан шамамен 7 700 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдың бірінші партиясын жөнелтті. Сонымен қатар «ҚазТрансОйл» АҚ құбырлық жүйесіне 18 800 тонна экспортқа шығарылатын мұнайдың партиясы жөнелтілді, ал «Интергаз Центральная Азия» АҚ магистральді жүйесіне 22,8 млн текше метр тауарлық газ берілді.

2017 жылы Атырауда атақты «ДосМұқасан» вокал-аспапты ансамбліне мүсін кешені орнатылды. Алты музыканттың өнер көрсетіп тұрған сәті бейнеленген композиция жаңа ретро-саябақта бой көтерді. Композицияның ашылу салтанатында «ДосМұқасан» тобы ойнап берді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT