14 қарашаға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -«Қазгидромет» РМК 14 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік-шығыс бөлігінің кей жерлерінде аздаған қар жауып, қалған аумағында ауа  райы жауын-шашынсыз болады.

Кей жерлерде тұман, оңтүстік және шығыс бөлігінде екпінді жел мен жаяу бұрқасын күтіледі. 

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Қызылорда және Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында - кей жерлерде тұман күтіледі.

Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында - кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады.

Соңғы жаңалықтар