+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

14 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 14 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
14 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 14 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


72 жыл бұрын (1947) белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Қуаныш Айтаханұлы АЙТАХАНОВ дүниеге келді. Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Мәскеу мал дәрігерлік академиясын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Мал дәрігері, саясаттанушы. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі он екінші шақырылымының депутаты болып сайланған. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласы, Созақ, Сайрам және Отырар аудандарының әкімі болып қызмет істеген. ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясының. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Парламентімен, Жапония Кеңесшілер Палатасымен ынтымақтастық тобының мүшесі болды.

«Құрмет белгісі», «Құрмет», «Парасат» ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған.


55 жыл бұрын (1964) Атырау облысының прокуроры Халидулла Зиноллаұлы ДӘУЕШОВ дүниеге келді.

Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. 1991 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1991 жылы бұрынғы Гурьев облысы Гурьев қалалық прокуратурасының тәлімгері болып бастаған. 1992-1994 - Атырау қаласы прокурорының көмекшісі. 1994-1999 – Атырау облыстық прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім аға прокуроры, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау бөлімінің бастығы. 1999-2002 – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау бойынша департаментінің аға прокуроры, Арнайы прокурорлар және жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің аға прокуроры. 2002-2012 - Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының прокуроры, Атырау облысының Жылыой және Мақат ауданының және Атырау қаласының прокуроры. 2012-2016 – Жамбыл және Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары. 2016-2019 жылдары Қызылорда облысының прокуроры болды.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT