14 қаңтардан бастап Windows 7 жүйесі жұмысын тоқтатады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Windows 7 жүйесінің шыққанына 10 жыл толды. Сондықтан 2020 жылдың 14 қаңтарынан бастап бұл жүйе қолданыстан шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның сайтына сілтеме жасап.

Microsoft компаниясының нақтылауынша, Windows 7 жүйесімен жұмыс істейтін компьютерлер істен шықпайды. Алайда техникалық қолдау және бағдарламалық қамтамасыз ету жаңаруын тоқтатады. Оның үстіне ескірген жүйені қолданушыларға қауіпсіздік жүйесінің жаңаруы мен түзелуі туралы хабар келмейді. Мұның бәрі компьютерді вирус қаптау қатерін төндіреді.

Компания қолданушыларға Windows 10 жүйесіне көшуді ұсынады.

«Жаңа гаджеттердегі бұл жүйенің артықшылықтары аз емес», - дейді компания өкілдері.



Соңғы жаңалықтар