+7 (701) 759 90 19
USD 419.69 EUR 510.89
RUB 5.63 CNY 64.82
Jańalyqtar

14 қаңтарда ауа райы қандай болады

2021 жылғы 14 қаңтар 00:48
Бөлісіңіз:
14 қаңтарда ауа райы қандай болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» синоптиктері 14 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада қалың қар жауып, көлік қозғалысына шектеу қойылды 23 қаңтар күнгі ауа райы болжамы Алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстан территориясы Салехард ауданынан келетін антициклон ықпалында болады.

Тек еліміздің батыс аумағына Қара теңіз ауданынан келетін циклон өз әсерін тигізеді, соған байланысты батыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.

Сонымен қатар оңтүстік-батыста фронттардың өтуіне байланысты түнде және таңертең кей жерлерде қар жауады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жаяу бұрқасын көтеріледі.

Оңтүстік-шығыс пен батыста көктайғақ сақталады, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел екпіні - 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады. Жел қарқыны 23-28 м/с жетеді.

Атырау облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын тұрады, жел жылдамдығы 25 м/с дейін күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде боран соғады, желдің күші - 15-20, Мұғалжар ауданында - 23-28 м/с болады.

Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні - 15-20 м/с.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел қарқыны - 15-20 м/с. Түнде және таңертең жаяу бұрқасын көтеріледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, боран соғады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT