14 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 14 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

Сағат 09.00-де Үкімет үйінде Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде: Қазақстан Республикасының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы; әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары; 2020-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасының концепциясы.

Сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік ғимаратының баспасөз орталығында Қоғамдық денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау басқармасының басшыларының қатысуымен «Атаулы әлеуметтік көмекті (АӘК), міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды іске асыру мәселелері» атты баспасөз мәслихаты өтеді.

Сағат 14.30-да «Рэдиссон» қонақүйінде Қазақстандағы Орнықты даму мақсаттарын іске асыру жөніндегі сарапшылық алаңның 1-отырысы өтеді.



Соңғы жаңалықтар