14 ақпанда ел өңірлерінде тұман, бұрқасын күтіледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 ақпанда ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей жерлерде қар жауып, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі сақталады, тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында күн райы жауын-шашынсыз өтеді.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Алматы  облысының кей жерлерінде  түнде  тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.  

Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

14 ақпанОңтүстік Қазақстан, Қызылорда,  Маңғыстау,  Қарағанды,  Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі.

Қостанай облысының кей аумақтарында бұрқасын соғып, тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады.

 

Соңғы жаңалықтар