14 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстанда бейсенбі - 14 ақпанда өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

АСТАНА

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы басталады.

10.30-да 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазмедиа орталығында ҚР Қаржы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді.

10.30-да Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы Сансызбай Есіловтің қатысуымен «Қоғамдық кеңес жұмысының нәтижесі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де «Самұрық-Қазына» АҚ-да сатып алудың жаңа жүйесін енгізу қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді.

13.00-де «Sputnik Қазақстан» мультимедиалық баспасөз орталығында Астана-Бішкек-Минск-Таллин видеокөпірі арқылы «Ауғанстаннан Орталық Азияға төнетін қауіп-қатерлер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

14.30-да Владимир Божко мен депутаттар қатысқан дөңгелек үстелде Қазақстандағы браконьерлікпен күресудің өзекті мәселелері мен заңнамалық қамтамасыз ету шаралары талқыланады.

15.00-де Қазмедиа орталығында Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсіптік кешені кәсіпорындарының өнімдеріне арналған көрме ашылады.

15.45-те ІІМ-нің клубында Ауғанстаннан әскерлердің шектелген контингентін шығарудың 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өткізіледі.

16.00-де «Алау» мұз айдын сарайында Төрт құрлық турнирінде күміс жүлде иегері атанған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Астананың жас мәнерлеп сырғанаушыларымен кездеседі.

КӨКШЕТАУ

15:00-де Өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Болат Әбішев және «СК-Фармация» ЖШС-ның Ақмола облысы бойынша өкілі Роза Тілеспаева «Ақмола облысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және «СК-Фармация» ЖШС қызметі» тақырыбында брифинг өткізеді.

ҚЫЗЫЛОРДА

10.00-де Н. Бекежанов атындағы драма театрында республикалық жастар айтысы басталады. Оған елімізге белгілі ақындар қатысады.

ТҮРКІСТАН

15.00-де TURKISTAN MEDIA орталығында Монополияға қарсы департаменті өңірдегі тариф бағаларын төмендету бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді. Спикер: департамент басшысы Ерболат Ыбырайханов.

Сондай-ақ, 14 ақпан күні ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары А.Маминнің Түркістан қаласына кезекті ресми сапары басталады. Сапар барысында облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысып, қаланың дамуы жөнінде алқалы жиын өткізеді.

Соңғы жаңалықтар