14 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 14 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу жасайды.

АСТАНА

10.00-де Мәжілістің пленарлық отырысы басталады.

11.00-де ҚР Инвестициялар және даму министрлігі алқасының 2017 жылғы жұмыс қорытындыларына және Мемлекет басшысының «Төртінші өндірістік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауындағы негізгі міндеттерге арналған кеңейтілген отырысы басталады.

16:00-де Преьмер-Министрдің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі алқасының кеңейтілген отырысы өтеді.

АЛМАТЫ

11:00-де «Астананың 20 жылдығын тойлаудағы әлем қалаларының мәдениеті және Алматы рөлі» тақырыбына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

10:00-де спорттық гимнастика бойынша Қазақстан гимнастика федерациясы президентінің VI ашық Кубогы өтеді.

Соңғы жаңалықтар