14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2023 жылғы 14 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық кітап сыйлау күні

2012 жылдан бері жыл сайын атап өтіледі. Бұл күн балаларға кітап сыйлап, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятатын адамдардың басын қосады. Оған АҚШ-тың қарапайым тұрғыны, балалар кітабы сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмур ханым бастамашыл болды.

Жүректің туабітті ақауы туралы ақпарат тарату күні

Туа бітті жүрек ақауымен туылған балалары бар отбасыларға көмек ұсынатын канадалық Children's Heart Society коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы құрылды. Бастаманы HeartKids (Австралия) және Dr. Mani Children Heart Foundation (Үндістан) сияқты ұйымдар қолдады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Мемлекеттік ономастика комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгерді. Ал Павлодар облысының Ермак ауданы Ақсу ауданы аталды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) кірді.

1997 жылы Ақ үйде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары президенттерінің кездесуі болды. Келіссөздердің қорытындысына орай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ әкімшілігінің басшысы Билл Клинтон Демократиялық әріптестік туралы хартияға қол қойды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі Астана қаласы Қан орталығының базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

2013 жылы Алматыда Халықаралық бизнес академиясында (ХБА) Нидерланды маркетинг институтының (NIMA) (НИМА-бағдарлама), Қазақстан маркетинг, жарнама және PR федерациясының (ХМЖФ және PR) Халықаралық маркетинг мектебінің бағдарламасына қатысушылардың бірінші тобы бітіріп шықты.

2014 жылы Алматыда Қазақстан үшін бірегей «МЕДЕУ DREAM FEST» фестивалі өтті.

2017 жылы Қазақстан кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша әлемнің үздік бес елі қатарына қосылды. Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың 53,5 кг салмақ санатында WBA Super және IBO белдіктерін жеңіп алуы осы нәтижеге жетуге мүмкіндік берді.

2017 жылы Дубайда өткен The World Government Summit халықаралық үкіметтік саммитінде Қазақстан «Egov mgov» мобильді қосымшасын енгізгені үшін халықаралық «First World Govtechineers Race-2017» сыйлығымен марапатталды. Награданы Дубай әмірі, БАӘ Премьер-министрі әрі вице-президенті шейх Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактум табыс етті.

2017 жылы Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 12-сынып оқушысы Сәттіғали Жолдасбай нашар көретін және зағип жандар үшін арнайы смарт-тақия ойлап тапты.

Мұндай идея Сәттіғалиға атасының үйіне ауылға барған кезде келген екен. Ол ауылда ағасының көзі нашар көргендіктен ылғи кедергілерге тап бола беретінін байқайды. Ақтауға келген соң мектеп оқушысы ұстазымен ақылдаса отырып, арнайы қозғалыс құрылғысы орнатылған тақия жасап шығарады.

Бұл құрылғы жолда кездесетін кедергілер жөнінде дыбыстап, тақияның иесіне белгі беріп отырады.

2018 жылы Олимпиада арнасы (Olympic Channel) Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы деректі фильм жариялады.

2019 жылы Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасы мен Танзания Біріккен Республикасының тұрақты өкілдері Қайрат Омаров пен Модаст Джонатан Меро екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды.

2021 жылы фристайл-акробатикадан Қазақстан құрамасының өкілі Жанбота Алдабергенова Солтүстік Америка кубогында 85,68 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды. Турнир Юта штатында (АҚШ) өтті.
Соңғы жаңалықтар