Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 377.62 EUR 426.03
RUB 5.67 CNY 55.78

14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 14 ақпан 07:00
Поделиться:

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 14 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.


14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесіАТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық кітап сыйлау күні

2012 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді. Бұл күн балаларға кітап сыйлап, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятатын адамдардың басын қосады. Оған АҚШ-тың қарапайым тұрғыны, балалар кітабы сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмур ханым бастамашыл болды.

Әулие Валентин күні

Ғашық жандардың бұл мерекесі 18 ғасырдан астам уақыттан бері тойланып келеді. Дегенмен, мереке бұдан да ертеде тойланған деген болжам бар. Қазіргі таңда аталмыш мереке әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі.

Болжамдардың біріне сүйенсек, Әулие Валентин күнін бір кездері «Құстардың үйлену тойы» деп атаған. Дәл осы күні құстар өзінің жұбын таңдайды деп саналған. Ертеректе жастарда осы жоралғыны жасаған: бойжеткендер өз есімдерін қағазға жазып жәшікке салған, ал жәшіктен бозбалалар бір-бірлеп қағазды суырып, бір жылдық өзінің жұбын таңдаған. Кейінірек бұл дәстүрге айналған.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Мемлекеттік ономастика комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгерді. Ал Павлодар облысының Ермак ауданы Ақсу ауданы аталды.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) кірді.

1997 жылы Ақ үйде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары президенттерінің кездесуі болды. Келіссөздердің қорытындысына орай, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ әкімшілігінің басшысы Билл Клинтон Демократиялық әріптестік туралы хартияға қол қойды.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі Астана қаласы Қан орталығының базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

2015 жылы Сеулде (Оңтүстік Корея) мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық спортшы Денис Тен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Төрт құрлықтың чемпионатына Америка, Азия, Африка және Аустралиядан келген мәнерлеп сырғанаушылар қатысты.

2017 жылы Қазақстан кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша әлемнің үздік бес елі қатарына қосылды. Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың 53,5 кг салмақ санатында WBA Super және IBO белдіктерін жеңіп алуы осы нәтижеге жетуге мүмкіндік берді.  

2017 жылы Дубайда өткен The World Government Summit халықаралық үкіметтік саммитінде Қазақстан «Egov mgov» мобильді қосымшасын енгізгені үшін халықаралық «First World Govtechineers Race-2017» сыйлығымен марапатталды. Награданы Дубай әмірі, БАӘ Премьер-министрі әрі вице-президенті шейх Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактум табыс етті.

2017 жылы Ақтау қаласындағы химия-биологиялық бағыттағы «Назарбаев Зияткерлік мектебінің» 12-сынып оқушысы Сәттіғали Жолдасбай нашар көретін және зағип жандар үшін арнайы смарт-тақия ойлап тапты. Мұндай идея Сәттіғалиға атасының үйіне ауылға барған кезде келген екен. Ол ауылда  ағасының көзі нашар көргендіктен ылғи кедергілерге тап бола беретінін байқайды. Ақтауға келген соң мектеп оқушысы ұстазымен ақылдаса отырып, арнайы қозғалыс құрылғысы орнатылған тақия жасап шығарады. Бұл құрылғы жолда кездесетін кедергілер жөнінде дыбыстап, тақияның иесіне белгі беріп отырады.

2018 жылы Олимпиада арнасы (Olympic Channel) Сочидегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен туралы деректі фильм жариялады.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT