Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 18 °С
Алматы: 30 °С
USD 341.18 EUR 392.97
RUB 5.34 CNY 52.50
Жаңалықтар

14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2018 жылғы 14 ақпан 06:40 1384
Бөлісіңіз:
14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 14 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

14 ақпан, СӘРСЕНБІ

Бүгін - Компьютершілер күні

1946 жылы бірінші шын мәнінде жұмыс істейтін электронды ENIAC компьютері шығарылды. ENIAC компьютері практикалық мақсатта жұмыс істейді. Осы ENIAC-тан қазіргі компьютерлер есептеудің екілік жүйесін еншілеген. ENIAC-ты сол кездегі маңызды қажетті шешімін шығару үшін өндірген: әскердің кем есептейтін баллистикалық кестесі үшін. Әскерде артиллерия мен авиацияға қажеті баллистикалық кестені кем есептейтін бөлім бар. Бұл бөлімде адамдар Әскери Калькулятор лауазымында жұмыс істеді. Әрине бұл «есептеуіш қордың» қуаттылығы мен өнімділігі әскерде жеткіліксіз. Сондықтан 1943 жылдың басында кибернетиктер ENIAC компьютерінің жаңа есептеуіш құрылғысының концепциясын өңдеуге кірісті.

Бүгін - Лихтенштейн Княздігінің Ұлттық мейрамы - князьдің туған күні ( Князь Ханс Адам II фон Лихтенштейн) (1945).

Қатарда ұлттық спорт күні  

Бұл ұлттық мереке.  Халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ақпанның екінші бейсенбісінде мерекеленеді. Катар алғаш рет бұл күнді 2012 жылы атап өтті.

Жүректің туа бітті ақауы туралы ақпаратты тарату күні

Туа бітті жүрек ақауымен балалары бар отбасыларға көмек ұсынатын канадалық Children's Heart Society коммерциялық емес қайырымдылық ұйымы құрылды. бастаманы HeartKids (Австралия) және Dr. Mani Children Heart Foundation (Үндістан) сияқты ұйымдар қолдады.

Халықаралық кітап сыйлау күні

2012 жылдан бері жыл сайын тойланып келеді. Бұл күн балаларға кітап сыйлап, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятатын адамдардың басын қосады. Оған АҚШ-тың қарапайым тұрғыны, балалар кітабы сайтының негізін қалаушы Эмми Бродмур ханым бастамашыл болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Венада Қазақстан Республикасы мен Австрия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы мәлімдемеге қол қойылды.

1992 жылы Мемлекеттік ономастика комиссиясының шешімімен Гурьев облысы мен Гурьев қаласының атауы Атырау облысы және Атырау қаласы болып өзгерді. Ал Павлодар облысының Ермак ауданы Ақсу ауданы аталды.

1992 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетінің көне  оқу ғимаратының біріне ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бейнесі мен есімі қашалған ескерткіш тақта орнатылды.

1992 жылы Беларус астанасы Минск қаласында Әзербайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Ресей және Украина мемлекеттерінің басшылары кездесіп, ТМД шеңберінде ынтымақтастық принциптерін сақтау туралы Декларация қабылдады.

1994 жылы Қазақстан Республикасы Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттікке (МАГАТЭ) кірді.

1997 жылы Ақ үйде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары президенттерінің кездесуі болды. Келіссөздердің қорытындысына орай, ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев пен АҚШ әкімшілігінің басшысы Б. Клинтон Демократиялық әріптестік туралы хартияға қол қойды.

2007 жылы Батыс Қазақстан облысында «Қазақ зиялылары» атты қоғамдық бірлестік құрылды. Жаңа ұйымды құрушы - облыстық қазақ драма театры. Ұйымның төрайымы - танымал ақын Ақұштап Бақтыгереева. Ұйым арнайы жоспармен студент жастарының өкілдеріне арнап әртүрлі тақырыптағы кездесулер өткізеді.

2007 жылы Ақмола облысының танымал ақын-айтыскері Арман Бердалиннің шығармаларының DVD дискісі шығарылды. «Арман айтыстары» жинағына автордың әр жылдары айтылған шығармалары кірді.

2008 жылы Қарағандыдағы Қан құю орталығында плазманы карантиндеу және қан клеткаларын ұзақ сақтау бөлімі ашылды. «Қан банкі» аталып отырған мұндай бөлім Қазақстандағы алғашқысы.

Жаңа бөлімге ақпараттық орталық, төменгі температурада сақтау орны, төмен температуралы камералардың машина бөлімі, қан карантиндеу камералары кіреді. «Ақпараттық орталықта іріктеуден өткен донорлар базасы сақталады, олардан алынатын қан карантинделіп, әр екі ай сайын тексеріліп отырады. Төменгі температурадағы сақтау орнында ферментті элементтер, антигендік құрам бойынша сирек кездесетін қанның сирек топтары сақталады.

2009 жылы Қазақстан Республикасының халық әртісі Нұржамал Үсенбаева өзінің 25 жылдық шығармашылық қызметіне арналған үлкен гастрольдік сапары аясында Қостанайда жеке концертін берді. Нұржамал Үсенбаева тамаша опера әншісі ретінде әлемге кең танылған. Ерекше сопрано дауысты Н.Үсенбаеваны атақты театрлардың сахналары қашан да құшақ жая қарсы алады. Оның репертуарында Вердидің, Бизенің және Римский-Корсаковтың операларынан ариялар бар.

2010 жылы Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханада аға ұрпақ және зиялы қауым өкілдерінің, жастардың қатысуымен жерлес журналист, жазушы Жанатай Бекеновтың «Қанай би және оның ұрпақтары» атты кітабының тұсаукесер рәсімі болып өтті, Абылай ханның төбе биі дәрежесіндегі үзеңгілес серігі болған дарабоз жайындағы айтулы кітап өткенімізді танып білу, соған тағы бір игі талпыныс жасап көру тұрғысынан бүгінгі күн үшін маңызы өте зор. Көлемді кітапта Қанай бидің небір қиын-қыстау кезеңдерде елге тұтқа бола білген қайраткерлік, шешендік қырлары, өзінің кіндігінен өрбіген, сөз өнерін қуған ұрпақтары, кейінгі кезде біртуар бабамыз жайлы жазылған қаламгерлер туындыларынан мол мағлұмат беретін бөлімдерден тұрады. Жанатай Бекенұлы осы жайларға қатысты өзі зерттеген, тынымсыз еңбектенген төл шығармаларымен байытып, тарихи тұлғаның өткеннен бүгінге дейінгі өмір, ұрпақ сабақтастығын жақсы байланыстырып берген. Кітаптың басты құндылығы жастарды отансүйгіштікке, патриотизмге, аға ұрпақтың ерлігіне сай тәрбиелеуге қажетті оқулық болып табылады.

2010 жылы Қазақстанда балалары онкологиялық сырқатқа шалдыққан ата-аналар «Өмірді сақтайық!» атты қоғамдық ұйым құрды. Ұйымды құрудың басты себептерінің бірі - балалары онкологиялық сырқатқа шалдыққан ата-аналар Халықаралық конфедерациясына қосылу. Ол 1994 жылдың мамыр айында Испанияда құрылған. Оның жігері бүкіл әлемде ата-аналар арасында ақпарат және тәжірбие алмасу және ынтымақтастыққа бағытталған.

2011 жылы Беларусь елінде XVIII Минск халықаралық көрме-жәрмеңкесі аяқталды.

2011 жылы ҚР Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Ислам конференциясы ұйымы (ИКҰ) мәселелері бойынша арнайы өкілін қабылдады.

Кездесу барысында әлемдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көкейкесті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.

2011 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері Қайым Мұхамедхановтың (1916-2004) шығармашылығына  және ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақтың қайсар ғалымы» кешін өткізді.

2011 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сттуденттер алдында Грекияның Қазақстандағы елшісі Евангелос Денаксас «Мәдени дипломатия» тақырыбында дәріс оқыды.

2011 жылы Алматыда «Жібек жолы» баспасынан танымал қазақстандық мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің «Күнделіктер» кітабы шықты.

2011 жылы Астанада Болат Шәкімовтің «Российский писатель» баспасынан «Қазіргі орыс прозасы» сериясында шыққан «Сонау алыс өлкеде не бар» («Что там, за далью?») кітабының таныстырылымы өтті. Оған осы кітабы үшін халықаралық В.Пикуль атындағы әдеби сыйлық берілген.

2011 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі Астана қаласы Қан орталығының базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Трансфузиология ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.

2012 жылы он бес отандық азық-түлік компаниясы Мәскеудегі «Продэкспо-2012» халықаралық көрмесіне өз өнімдерін ұсынды.

2012 жылы Астанада М.Өтемісов атындағы мектеп оқушылары сарайында қалалық VI «Шаттық-2012» атты таланттар конкурсы өтті.

2014 жылы Павлодар қаласының облыстық кітапханасында Шәкен Аймановтың (1914-1970) 100 жылдық мерейтойына арналған «Ұлттық өнерді асқақтатқан» атты көрме ашылды.

2015 жылы Өскеменде екі күндік үйлестіру семинарында   БҰҰ балалар қорының  (ЮНИСЕФ)  ұлттық және халықаралық сарапшылары балалардың құқықтарын қорғау жүйесінде жұмыс істеу үшін мамандарды дайындаудың кешенді үлгісі бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік кеңесі  қызметінің жобасын таныстырды.

Барлық посткеңестік кеңістік елдерінен Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау жүйесін дамытудың  барынша жоғары деңгейі бар.

2015 жылы қалың жұртшылыққа Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының тілші мүшесі Берекет Қайырбаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» монографиясы таныстырылды.

2016 жылы Ақтау қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ретротехника көрмесі ашылды. Кейбір заттар XIX ғасырда дайындалған. Мысалы, шойын үтіктер  ыстық көмірмен жылытылған. Бұл жергілікті тұрғынның сыйлығы. 1915 жылы шыққан тігін машинасын да көруге болады. Фотоаппараттар, диктофондар, баспа машинасы да келушілердің қызығушылығын тудыруда.

2017 жылы Қазақстан кәсіпқой бокстағы титулдар саны бойынша әлемнің үздік бес елі қатарына қосылды. Қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың 53,5 кг салмақ санатында WBA Super және IBO белдіктерін жеңіп алуы осы нәтижеге жетуге себеп болды.

2017 жылы Дубайда өткен The World Government Summit халықаралық үкіметтік саммитінде Қазақстан «Egov mgov» мобильді қосымшасын енгізгені үшін халықаралық «First World Govtechineers Race-2017» сыйлығымен марапатталды. Награданы Дубай әмірі, БАӘ Премьер-министрі әрі вице-президенті шейх Мохаммед ибн Рашид Әл Мактум табыс етті.

1933 жылы Парижде нақты уақытты айтатын алғашқы телефон қызметі ашылды.

1949 жылы Израильдің парламенті Кнессеттің алғашқы жиыны өтті.

1950 жылы КСРО мен ҚХР-ның Сыртқы істер министрлері Мәскеуде «Достық, одақтастық және өзара көмек туралы келісімге» қол қойды. Ол қағаз жүзінде 1980 жылға дейін жұмыс сақталды. Алайда, іс жүзінде 1964 жылы, КСРО-ның коммунистік партиясы мен Қытай арасындағы қарым-қатынас үзіліп, құжат өз маңыздылығын сол кезде жоғалтты. 

1992 жылы Минскіде ТМД мемлекеттері басшыларының кездесуінде «Ынтымақтастықтың қағидаттары туралы декларация» қабылданды. Қорғаныс министрлер кеңесі және ТМД электрэнергетикалық кеңесі құрылды.

2005 жылы www.youtube.com. домені іске қосылды. Бұл күнді YouTube - бейнехостингінің туған күні саналады. 2006 жылы YouTube-ті Google компаниясы сатып алды, ал 2012 жылдың қаңтар айына қарай сайттағы бейнебаяндарды көрушілер саны 12 миллиард адамға жетті.  

2011 жылы Бахрейнде толқуларға ұласқан жаппай наразылықтар басталды. 2011 жылы араб әлемін шарпыды. Негізінен Бахрейндегі көтеріліс саяси еркіндікке қол жеткізуге, адам құқықтарын құрметтеуге бағытталды.

ЕСІМДЕР


14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 535 жыл
бұрын (1483-1530) Темір әулетінен шыққан ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы, Үндістанда Моғол империясының негізін қалаушы, тарихшы ақын БАБЫР Захир әд-Дин Мұхаммед дүниеге келді.

Әкесі Омар Шейх қайтыс болғаннан кейін 12 жасар Бабыр Ферғананың әмірі болып тағайындалады. Ол Әмудария мен Сырдария аралығында бір орталыққа бағынған мемлекет құрмақ болып ұзақ жылдар бойы арпалысқан. 1501 жылы оның әскері Самарқанды басып алады. Бірақ Мұхаммед Шайбани әскерінің тегеуріне төтеп бере алмай Самарқанды тастап шығуға мәшбүр болады. 1504 жылы көктемде Мұхаммед Шайбани Ферғанаға басып кіреді. Темір әулеті әмірлерінің арасындағы соғыстан әлсіреген Бабыр атамекенін тастап, Кабулды басып алады. 1506 жылы падишаһ атанады. 1518 және 1524-1525 жылдары Үндістан жеріне 5 мәрте жорық жасайды. 1526 жылы Лахорды басып алып, Пенджабқа орнығады. Панипат түбінде Ибраһим Лодидің әскерін талқандап, Дели мен Аграны бағындырады. Бірте-бірте Үндістанның солтүстік бөлігін бағындырып, Моғол империясының негізін қалайды. Делиді мемлекет астанасына айналдырып, елдің экономикасын күйшейтуге, сауданы өрістетуге көңіл бөледі.   Бабыр - өмірбаяндық атақты «Бабырнама» кітабының, өлеңмен жазылған «Мубаин» атты шығарманың, «Бабыр жазуының» авторы. Оның басқа еңбектері бізге толық жетпеген. Ол Агра қаласында қайтыс болып, сүйегі Кабул қаласына әкелініп, Шердарбаза тауының етегіне жерленген. Бұл жер «Бабыр бағы» деп аталады.


14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 95 жыл
бұрын (1923-2001) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері ХАМИДУЛЛИН Асғадулла дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. 1945-1975 жылдары «Ленинская смена», «Казахстанская правда», «Индустриальная Караганда», «Сельская жизнь» газеттері редакцияларында, Қазақ КСР Теледидар және радиохабарлары жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызмет жасаған. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген. 1975-1985 жылдары «Қазақстан» баспасында істеген. Көптеген очерктердің, орыс, қазақ, татар әдебиеттері жөніндегі мақалалардың авторы. Ғ.Мүсіреповтың «Кездеспей кеткен бір бейне» повесінің, І.Есенберлиннің «Қатерлі өткел» романының теледидарлық инсценировкасын жасаған. Ш.Усмановтың «Путь легиона» повесін, А.Расихтың «Ямашев» романын татар тілінен орысшаға, сондай-ақ А.Бәзілбаевтың «Былықта өткен төрт жыл» атты публицистикалық очерктер кітабын қазақ тіліне аударған.

1-ші дәрежелі Отан соғысы орденімен, бірнеше медальмен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

73 жыл бұрын  (1945) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының төрайымы БУТИНА Мереке Сағымбайқызы дүниеге келген.



14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 61 жыл
бұрын (1957) - жазушы-драматург ӘЛМАШҰЛЫ Жолтай  дүниеге келді.

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қыраш ауылында дүниеге келген. 1974-1979 жж. әлФараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыды. 1979-1989 жж. Қызылорда облысында газеттерде, комсомол жұмысында болды. 1989-1991 жж. Алматы жоғары партия мектебінде оқыды. 1991 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің аппаратында, Президент пен Үкімет апараттарында референт, консультант, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары секілді қызметтер атқарып келді. Бүгінде Республика Үкіметі Үкіметтік басылымдарының Бас редакторы.
«Балдырған» журналының жабық бәйгесінің бірнеше дүркін жеңімпазы. Түркістанның 1500 жылдығына арналған әдеби шығармалар бәйгесінде жүлде алған.

Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған көркем шығармалар бәйгесінде «Оянған ұрпақ» деген романы жүлдегер атанды.
«Біздің команда», «Күн тәртібі», «Жетім жұлдыздар», «Сұлтанбек Қожанұлы», «Нәзір Төреқұлұлы», «Найзашың», «Әуезовке қайта оралу», «Қызыр қонған Түркістан», «Сұлуды сүю», «Қасиетті мекендегі қала», «Ахмед Ясауи қаласы», «Әзірет Сұлтан аңызы», «Зов свободы» секілді кітаптардың, «Оянған ұрпақ», «Ұмытылған ұрпақ», «Күлкі мен жас» романдарының, бірнеше драмалық шығармалардың авторы.


14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 50 жыл
бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығының директоры ИТЕМГЕНОВ Нұрлан Ғайсанұлы дүниеге келген.

Ол Қостанай облысында туған. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, дәрігер стоматолог мамандығымен (1992); Рудный мемлекеттік индустриалдық институтын экономист-менеджер мамандығымен (2004) бітірген.

Еңбек жолы: Рудный емдеу-профилактикалық бөлімінің дәрігер-стоматологі (1992-1997); Рудныйдағы «Рассвет» профилакториясының бас дәрігері (1998-1999); «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ емдеу-сауықтыру орталығының директоры (1999-2001); «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ вице-президентінің міндетін атқарушы (2001-2002); «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» ААҚ вице-президенті (2002-2004); ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (2004-2007); ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы директорының орынбасары (2007-2010); ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығының директоры (2010-2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының көмекшісі (06.2012-07.2012); ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі кадрлар басқармасының бастығы (2012-2014);

«Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ әкімшілік-кадрлық басқармасының бастығы, «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС әкімшілік-кадрлық басқармасының бастығы (2014-2016); ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптама орталығы директорының орынбасары (2016-2017); ҚР әділет министрінің кеңесшісі (03.2017-08.2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы тамыздан бері атқарып келеді.


14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 45 жыл
бұрын (1973) Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы ОМАРОВ Ринат Мұратұлы дүниеге келген.

Ол Алматы қаласында туған. 1998 жылы «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін тәмамдады және Д.Қонаев атындағы гуманитарлық көлік және құқық университетінде «Электрэнергетикасы» мамандығы бойынша техника ғылымдарының магистрі білігін алды.

Еңбек жолын Алматы облысының статистика басқармасында бюджеттер статистика бөлімінде экономист болып бастады. 1999-2003 жылдар аралығында «Алматықалабезендіру» АҚ-ның Атырау, кейін Астана қаласындағы филиалдарының директоры болды. 2004 жылы «Алматықалабезендіру» ЖАҚ вице-президенті лауазымына тағайындалды. Бірнеше жыл Алматы әкімдігінде, сонымен қатар Астана әкімі аппаратында қызмет етті. «Астана - Энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кейін Алматы қаласында «Азия энергетика компаниясы - АЭК» ЖШС дамыту жөніндегі директоры міндетін атқарды. 2016 жылдың шілдесінде ШҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. 2017 жылдың маусымында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылғы 13 ақпанда кірісті.

«Ерен еңбегі үшін» (2011); «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарымен марапатталған.


14 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 81 жыл
бұрын (1936-1982) поляк, орыс және ағылшын тілдерінде шырқаған  атақты поляк әншісі ГЕРМАН Анна Виктория дүниеге келді.

 

 

 

 


Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат