14 адам коронавирустан жазылып шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жедел штабтың Телеграмм парақшасына сілтеме жасап.

«Қазақстанда тағы бір адам коронавирустан жазылып шықты. Нәтижесінде 14 адам: Нұр-Сұлтан қаласында 12, Алматы қаласында 2 адам», -делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирусқа шалдыққан 13 адам жазылып шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

«Зертханалық жолмен коронавирус жұқтырғаны анықталған 10 науқас бүгін үйлеріне жіберіледі. Олардың денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, Ешқандай шағымдары жоқ. Зертханада екі рет қайталап тексерілді. Олар ауруханадан шыққан соң екі апта бойы үй жағдайындағы карантинде болады», - Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.



Соңғы жаңалықтар