134 үміткер «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті жиыны өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 134 қазақстандық шетелде білім алуға мүмкіндік алып, стипендия тағайындалды. Олар магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі үздік жоғары оқу орындарында білім алады. Олардың ішінде әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамадан өтетін студенттер де бар. Олардың толық тізімін мына жерден көруге болады.

Соңғы жаңалықтар