134 мыңнан астам жамбылдық вакцина салдырды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысында екпенің 1 компонентін - 134 182, екінші компонентін - 67 919 адам алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

№5 қалалық емхананың жылжымалы бригадасы №32 орта мектептің шақыртуы бойынша барып, мұғалімдер мен басқа жұмысшыларға коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның маңызы мен қажеттілігі туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ ниет білдірген 46 адамға екпе салды.

Көшпелі егу бригадалары тоңазытқыш қондырғысы орнатылған рефрижераторлық үлгідегі термоконтейнерлерді пайдалануда.

Вакцинаны тасымалдау «суық тізбекті» сақтай отырып жүзеге асырылады. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Мобильді егу бригаданың құрамында терапевт дәрігер мен егу медбикесі бар. Вакцина салар алдында әр қызметкердің қан қысымы мен жүрек соғысы тексерілді. Екпе салынған соң пациент 30 минутқа дәрігердің қарауына жіберілді. Бұл қызметкерлердің жұмысына кедергі жасамай ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін маңызды»,-делінген хабарламада.

Жыл соңына дейін облыста 582 мыңнан астам тұрғынға екпе салу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар