1300 алматылық өрт сөндіруші мен құтқарушы арыстықтарға біркүндік жалақысын аударды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 1300 өрт сөндіруші мен құтқарушы Арыстағы апаттан зардап шеккен халыққа 1 күндік жалақысын аударды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық ТЖД хабарлауынша, олардың 1 күндік жалақысы 3 млн 732 мың теңге болмақ.

Бұл қаражат қазір «Түркістан» әлеуметтік даму корпоративтік қорына аударылды.

Алматыда ТЖД бастамасымен 24 маусымнан бастап 278-20-83, 278-20-84 нөмірлері арқылы жедел желі жұмысын бастады.

Мамандар 100 жуық қоңырауға жауап берді. Тұрғындар ең алдымен қайда қаражат жіберу керектігін, Түркістан облысына пойыз қатынасы бар-жоғын анықтады.

Арыста 7 мың үйдің терезесі шағылғанын, шатырлар мен қасбеттердің опырылғанын ескере отырып, Алматы әкімдігі қажетті құрылыс материалдарын жинақтай бастады.

Соңғы жаңалықтар