13 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 13 желтоқсанда Қазақстанның батысында және оңтүстік-батысында жауын-шашынды  болады, қалған аймақтарда күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.

Сондай-ақ ел аумағының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

 Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел тұрып, екпіні 28 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жел 18 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал. 

Соңғы жаңалықтар