+7 (701) 759 90 19
USD 375.87 EUR 406.24
RUB 5.84 CNY 53.45
Jańalyqtar

13 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

2019 жылғы 12 желтоқсан 19:58
Бөлісіңіз:
13 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
22 ақпанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы 21 ақпан күні Қазақстанда өтетін шаралар аңдатпасы 20 ақпанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 08.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде 2019 жылдың қаңтар-қараша айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің атқарылу қорытындысы қаралады.

Сағат 09.00-де «ЭКСПО» конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының жеңімпаз-лауреаттарын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық байқау-көрмесінің дипломанттарын марапаттау рәсімі өтеді.

Сағат 11.00-де Astana Hub Халықаралық IT-стартаптар технопаркінде Astana Hub жеделдету бағдарламасының 5 және 6 үздік технологиялық стартаперлері өз жобаларын әлеуетті инвесторлар алдында қорғайды.

Сағат 12.20 -де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне дайындық шараларына қатысты баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

Сағат 14.00-де «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси және арбалар табыстау рәсімі өтеді.

Сағат 14.00-де «Ауыл» халықтық- демократиялық патриоттық партиясы «Еңбек озаттарының IV форумын» өткізеді.

Сағат 15.00-де ҚР Қаржы министрлігінде «Тұрақты даму мақсаты. Қазақстанның тұрақты дамуында бухгалтерлік есеп және аудиттің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ кітапханасында «Тәжікстан Президентінің жаһандық мәселелерді шешудегі рөлі: су - тіршілік көзі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында ҚР халық жазушысы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің төрағасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болған Әбіш Кекілбаевты еске алу кеші өтеді.

Сағат 11.00-де Студенттер сарайында «ТТұңғыштар кезеңі» жастар форумы өтеді. Іс-шара Жастар жылының соңында және Еріктілер жылы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Форум өз салаларында үздік болып жүрген жастарды марапаттап, «V2020» еріктілердің республикалық слетін ашады.

Сағат 11.30-да Алматы әкімдігінде алтыншы шақырылымдағы Алматы қаласы мәслихатының кезекті LVIII сессиясы өтеді.

Сағат 12.00-де Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында алғашқы Томосинтез орталығы ашылады. Бұл жоба Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен (ҚазҒЗИИО) бірлесіп, мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясында (МЖӘ) жүзеге асырылған.

Сағат 14.00-де CARICC кеңсесінде Алматы қаласының қазіргі судьялары Қайынжамал Бухбанова мен Марал Жарылғасованың қатысуымен симуляциялық сот отырысы өтеді.

Сағат 14.00-де Atakent Park қонақ үйінде Қазақстан Республикасының Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығы, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Алматы қаласы әкімдігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен Қазақстан Республикасының жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының форумы өтеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: БАҚ, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT