13 желтоқсанда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

10.00-де Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында Бизнестің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің 37-ші отырысы өтеді.

11.00-де Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының қатысуымен «Қоғамдық көліктегі ахуал» тақырыбында брифинг болады.

12.20-дa Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан-Венгрия екіжақты қарым-қатынастың жылдық қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де Қазақ ұлттық өнер университетінде құқыққорғау органдары арасындағы «Үздік қызметкер» республикалық конкурсы өтеді.

14.30-да ҚР Сыртқы істер министрлігінде Астана қаласының мектеп-гимназия оқушылары мен Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық ұжымдардың қатысуымен «Jas Diplomat» жобасының финалы басталады.

15.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Qazsport» телеарнасының эфирінен 16 желтоқсан күні сағат 23:00-де  көрсетілетін «Astana arlans» кубогы кәсіби бокс кешіне арналған брифинг ұйымдастырылады.

15.00-де Астана қаласы әкімдігінің №3 перинаталдық орталығында Тәуелсіздік күні қарсаңында дүниеге келген тұрмысы төмен отбасылардың балаларына сыйлықтар табысталады.

15.00-де The Ritz-Carlton Astana қонақүйінде «Бастау» республикалық жобасын жүзеге асыру қорытындылары жарияланады.

16.00-де «Viva Plaza» бизнес орталығында BI Group холдингі «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстанның ипотекалық компаниясы», «Сбербанк», «БанкЦентКредит» өкілдерімен бірлесіп  ипотекалық несие рәсімдеу процесін оңтайландыруға мүмкіндік беретін  BI Finance ипотекалық орталығының іске қосылғанын жариялады.

16.30-да Астана қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Астана қайырымдылық гранд балы» жобасына арналған брифинг өтеді.

АЛМАТЫ

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында «Тұран жолбарысын қайтару»  краундфандингтік жобасының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де Қазақстан-Британ техникалық-университетінде Қазақстанның мемлекет қайраткерлері мен депутаттар студенттермен кездеседі.

 

Соңғы жаңалықтар